«Ақ жол» партиясы ұлттық экономиканың мүддесін қорғау қажет деп санайды
2020 ж. 24 қыркүйек
1435
0
«Ақ жол» партиясы шикізат экспортын тежеу және Өзбекстанға өңделген өнімдердің экспортын ынталандыру, сондай-ақ көрші республикадан тауарларға қосымша салық салуды ынталандыру үшін ашық кедендік саясатты жүргізу арқылы ұлттық экономиканың мүддесін қорғауды қажет деп санайды. Бұл туралы бүгін Мәжіліс отырысында Азат Перуашев Үкіметке депутаттық сауал жолдады.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрі
А.Ұ.Маминге
Құрметті Асқар Ұзақпайұлы!
Экспортты дамыту - бұл мемлекеттік экономикалық саясаттың маңызды бағыттарының бірі және отандық өндірушілердің нақты бәсекеге қабілеттілігінің айқын көрінісі.
Алайда, экспорттың дамуына тек кәсіпкерлердің күш-жігері ғана емес, сонымен қатар потенциалды экспорттаушы елдердің қазақстандық тауарларға қатысты шектеу шаралары да әсер етеді.
ТМД елдеріндагі Қазақстанның маңызды сауда серіктестерінің бірі - бұл біздің жақын көршіміз Өзбекстан Республикасы. Көрші елмен 2019 жылдың соңында сауда көлемі 2,7 миллиард АҚШ долларынан асқан.
Алайда, бұл көрсеткіштер әлдеқайда жоғары, ал экспорт құрылымы әлдеқайда күрделі және табысты болуы мүмкін.
1997 жылы екі ел арасында еркін сауда туралы Келісім жасалды, соған сәйкес тараптарға бір-біріне кедендік баждарды, салықтар мен алымдарды, сондай-ақ тараптардың бір мемлекеттің кедендік аумағынан шыққан тауарларды әкетуге немесе импорттауға сандық шектеулер қолданбайтын еркін сауда режимін ұсынады.
Сонымен қатар, 2013 жылғы 31 мамырдағы Хаттамамен Өзбекстан 2011 жылғы 18 қазандағы Еркін сауда аймағы туралы келісімге қосылды. Соған сәйкес Келісімге қатысушы мемлекеттер және Өзбекстан тараптарға кедендік аумағынан шыққан тауарларды әкелуге кедендік баждарды қолданбауды міндеті алды.
Соған қарамастан, бүгінде Өзбекстан тарапы 96 тауарлық позицияға тауарлардың кедендік құнынан 5-тен 50 пайызға дейін акциздік салық белгіледі. Сонымен қатар, олар шикізат (ең алдымен ауылшаруашылығы: бидай, майлы дақылдар, ет пен жануарлардың терісі және т.б.) экспортын ынталандырып, қазақстандық өңделген өнімдердің импортын әдейі шектейді. Болашақта бұл Өзбекстанда шикізаттар өңделіп, сол қосымша құн, жұмыс орындары мен жоғары пайда әкеледі. Ал қазақстандық шикізаттан өндірілген өнімнің бір бөлігі одан ары қарай соның ішінде Қазақстан нарығына экспортталады.
Қазақстанда Өзбекстандық тауарларға акциздер немесе салықтар салынбайды.
Мұндай жағдайда отандық тауар өндірушілерге өзбекстандық тауар өндірушілерімен тек өзбек нарығында ғана емес, сонымен қатар өз елімізде де бәсекеге түсу қиын.
Өзбекстанның белсенді және экономикалық тұрғыдан түсінікті салық-бюджет саясаты біздің елдің ұлттық экономикалық мүдделеріне нұқсан келтіреді.
Қазақстан мен Өзбекстан бір-біріне «еркін сауда» режимін, яғни тауарлардың экспорты мен импорты үшін тең жағдайларды қамтамасыз етуі керек. Іс жүзінде, қазақстандық кәсіпкерлер дайын өнімді емес, өңделмеген шикізатты сатуға мәжбүр болып, алатын пайдасының едәуір бөлігін жоғалтып отыр.
Сонымен қатар, отандық мемлекеттік органдар әлсіз позицияны ұстанады және өзбек серіктестерімен басымдық қатынастар орнатуға тырыспайды және ең болмағанда осы келісімдердің орындалуын талап етуге мәжбүр.
Бұл жағдай бюджеттік шығындарға (шикізатты сатудың төмен рентабельділігіне байланысты), сондай-ақ шикізаттық бағдар мен қазақстандық экономиканың төмен технологиялық күрделілігінің сақталуына кері әсерін тигізеді.
Біз өзбек шенеуніктерінің өз мемлекетіне деген қамқорлығын түсінеміз. Бірақ біздің мемлекеттік органдар өздерінің ұлттық мүдделерін неге ойламайтынын түсінбейміз? Немесе біздің министрліктерде тек теоретиктер жиналған, олар презентация жасай алады, бірақ көршілермен практикалық мәселелерді көтеруге және шешуге батылы жоқ па?
Әрине, өзбек халқы - құдай қосқан дос көршіміз, бірақ Алаш арысы Әліхан Бөкейхан айтқандай, «Қазақтын жерінде өндірілген бір уыс жүн сол елдің азаматтарының үстіне тоқыма болып киілу керек», яғни «тарих жолында тезек теріп» қалмаумыз қажет.
Құрметті Асқар Ұзақпайұлы, «Ақ жол» ҚДП депутаттық фракциясы осы айтылғандарға байланысты мәселе үкіметаралық деңгейде шешілгенге дейін шикізат экспортын тежеу және Өзбекстанға өңделген өнімдердің экспортын ынталандыру, сондай-ақ көрші республикадан тауарларға қосымша салық
салуды ынталандыру үшін осындай ашық кедендік саясатты жүргізу арқылы ұлттық экономиканың мүддесін қорғауды қажет деп санайды.
Құрметпен,
«Ақ жол» партиясының депутаттары