Қазақстанның экономикалық көрсеткіштері төмендеп бара жатыр
2020 ж. 11 тамыз
1161
0
Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов еліміздің қазіргі экономикалық көрсеткіштері бойынша есеп берді, деп хабарлайды zakon.kz.
Тауар өндірісі 2,1% өсті, ал қызмет көрсету өндірісі 6,2% төмендеді. Салдарынан соңғы деректер бойынша, жалпы ішкі өнім (ЖІӨ )2,9% -ға төмендеді, - деді Даленов.
Оның айтуынша, жылдық инфляция деңгейі 7,1% құрады. Бұл - алдын ала болжанғанып, күтілген инфляция дәлізінен төмен (8-8,5%) көрсеткіш.
- Есеп беру кезеңінде мынандай оң үрдістер байқалды. Экономиканың нақты секторында өсім жалғасуда. Бұл, біріншіден, құрылыс, өндіріс, ауыл шаруашылығы. Импорттың төмендеуі аясында сауда-саттықтың оң сальдосы сақталып отыр, - деді министр.
Сонымен бірге, оның айтуынша, карантиндік шектеулерге байланысты қызметтер көлемінің төмендеуі, сондай-ақ экономикалық өсімнің тежегішіне айналған мұнай өндіру қарқынының жоспарлы төмендеуі байқалады.