Биыл қанша білім гранты берілетіні анықталды - ҚР БҒМ
2016 ж. 13 мамыр
1862
0
2016 жылы 31 700 білім гранты бөлінеді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслиxатында ҚР БҒМ ЖОО және ЖОО-дан кейінгі білім беру департаментінің директоры Серік Өмірбаев мәлім етті.
"Биыл еш өзгеріс жоқ, мемлекеттік тапсырыс саны былтырғы деңгеймен бірдей, яғни жалпы гранттардың саны 31 700. Қазіргі уақытта мамандықтар бойынша гранттар үлестірілген жоқ. Себебі ол Үкімет Қаулысымен бекітіледі. Бүгінде мемлекеттік тапсырыс көлеміне қатысты Қаулы жобасы қарауда жатыр. Гранттарды мамандықтарға үлестіру жағы белгілі болғанда, бірден жариялайтын боламыз", - дейді ол.
Ағымдағы жылы мектеп бітірушілер саны 121 мың 092 бала, оның ішінде 83 330 қазақ тілінде оқығандар, 37 762 орыс тілінде оқығандар. ҰБТ-ға 86 мың 991 түлек қатысады. Олардың ішінде 63 021 қазақ тілінде, 23 970 орыс тілінде оқығандар. ҰБТ форматы 2016 жылы өзгеріссіз қалады. Ол 2 және 15 маусым аралығында өтеді.
Дерек көзі: ҚазАқпарат