АҚШ билігі қазақстандық студенттен миллион доллар талап етті
2016 ж. 17 ақпан
1988
3
АҚШ-та Қазақ техникалық университетінің түлегі Александра Элбакян "пираттық сайт" құрамын деп басы дауға қалды деп хабарлайды NUR.KZ порталы НТВ-ға сілтеме жасап.
ФОТО: НТВ
Sci-Hub деп аталатын студент құрастырған сайтта жабық сайттардағы ақылы ғылыми жұмыстарды тегін жүктеп алудың амалы қарастырылған. Бұл бастама ғылыми еңбектерге қолы жетпей жүрген зерттеушілерге ұнағанымен, америкалық белді басылым Elsevier-ге жақпай қалған. Себебі Elsevier көптеген ақылы ғылыми еңбектерді иелік етіп, сатудан табыс табады.
Александра әлем бойынша мыңдаған ғалымдар оған ғылымды дамытуға көмектесіп жүргені үшін алғыс білдіріп отырғанын алға тартты.
«Бастапқыда мен қандай да бір радикалды мақстатты ұстанбадым, барлық ғылымды ашық ету ойымда болмаған. Бұл жай ғалымдар үшін еңбектерге тез қол жеткізуге көмектесетін бағдарлама болды", - дейді Александра Элбакян.
Жақында Elsevier Нью-Йорк сотында Sci-Hub-тың үстінен шағымданып, жеңіске жетті. Олар сайтты жауып, миллион доллар өтемақы төлеуді талап етіп отыр. Дегенмен бойжеткен бұл орайда басты пират - Elsevier екеніне сенімді.
Elsevier жыл сайын ғылыми еңбектерді сатудан орта есеппен миллиард доллардан артық пайда тауып отырады.