Білім министрлігі жемқорлық орнына айналғандай
2014 ж. 19 ақпан
2108
1
Ағымдағы жылғы 23-27 қаңтарда ҚР Білім және ғылым министрлігінің лауазымды тұлғаларына қатысты бюджет қаражатын ысырап ету фактісі бойынша тағы 3 қылмыстық іс қозғалды.
2012 жылы Ақтөбе, Атырау, Талдықорған және Шымкент қалаларында балалар-жастар қозғалысын дамытуға бөлінген 26 млн теңгеге жуық қаржы қолды болған. Бұл туралы ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Естеріңізге сала кетейік, 2013 жылғы қыркүйек-қазан айларында Астана қалалық қаржы полициясы департаменті ҚР Білім және ғылым министрлігінің лауазымды тұлғаларына қатысты Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарында және Алматы қаласында балалар мен жастар қозғалысын дамытуға бөлінген 33 млн теңгені ұрлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғағандығын хабарлаған болатын.
Ведомствоның атап өтуінше, осылайша, аталған қылмыстармен ҚР Білім және ғылым министрлігіне келтірілген залал мөлшері 59 млн теңгені құрады. Қылмыстық істер тергелуде, нәтижелері жұртшылыққа жеткізілетін болады.
Қазақпарат