Қазыбек Иса: ШЕГІНЕРГЕ ЖЕР ЖОҚ - АРТЫМЫЗДА МАСҚАРА!..
2011 ж. 22 тамыз
2768
7
АнтиКОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ОРЫС ТІЛІН қолдаушы АнтиМемлекеттік әрекеттерді тоқтататын кез жетті!
«15 жылдан бері мемлекеттік тілді аю да
үйреніп алатын уақыт болды»
Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ,
ҚР Президенті.
Мәдениет министрлігі қолға алып,жобасын жасап жатқан мемлекеттік тілдің дамуы жөніндегі өзгерістер мен толықтырулар өзін Қазақстанның азаматымын деп сезінетін әрбір адамның 20 жылдан бері күтіп жүрген үміті еді. Яғни, өзін Қазақстан азаматымын деп санайтын әр адам бұл оң өзгерісті қолдауы тиіс! Енді ол үміт мемлекеттік, билік тұрғысынан өзінің қуатты ресурсын пайдалануы керек. Мен Премьер-министр Кәрім Мәсімов пен Мәдениет министрі Мұқтар Құл-Мұхаммед мырзалардың блогына жолдаған қолдауымда «Егер Сіздердің орындарыңызда басқа біреулер, тілін шайнаған, ұлттық мүдденің иісі де сезілмейтін, көлеңкесінен қорқып, мансабы үшін тілі түгіл, елін сатып жіберетін қаптаған шенеуніктердің бірі отырса, әлжуаз, косметикалық көзбояу өзгерістермен өте шығатыны анық еді. Сондықтан ел үміті Елбасы сенім артқан Сіздерде» деп жазған едім... Айтып, ауыз жиғанша: «Мемлекеттiк органдарға тек мемлекеттiк тiлдегі өтiнiшпен жүгінуді қарастыратын норма заң жобасынан алынып тасталды» деп, Мәдениет вице-министрінің мәдени майысып отырғанын көріп, түңіліп кеттім. Ел түңіліп кетті! Тіпті ел сеніп жүрген еңселі министрліктегі екінші тұлға Ғазиз Телебаевтың біреулер өлтірейін деп жатқандай: «Арыз, шағымды тек мемлекеттiк тiлде қабылдау мәселесi болмаған және болмайды да. «Тіл туралы заң» өз қалпынан өзгермейтініне кепілдік беремін!»- деп ант-су ішетінін қайтерсің... Тіл туралы заң өз қалпынан өзгермесе, заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жобасын атамыздың басына жасап жатырмыз ба? Мұндай елді алдау кімге, не үшін керек? «Оның орнына мемлекеттік органдарға мемлекеттік тілде және өзге де тілдерде жүгінуге болады» деп жазылды. Жауап мемлекеттік тілде немесе азаматтар жүгінген тілде беріледі»,- дейді вице-министр. Сонда қалай, шүршіт тілінде жүгінсе, шүршіт тілінде жауап бере ме, Телебаев немесе Құл-Мұқаммед пен Мәсімов мырзалар? Бұның бәрі елді алдау! Бұның бәрі шет елдің, Ресейдің тілі Қазақстандағы заңсыз үстемдігін жалғастыра береді деген сөз! Осының алдында ғана Мәдениет министрлігінің жауапты хатшысы Жанат Құрманғалиева 2013 жылы бүкіл мемлекеттік қызметкерлер мемлекеттік тілде сөйлейтінін батыл да, нақты мәлімдеп еді. «Біз мемлекеттік тілді білуді міндеттеуді алдымен өзімізден, мемлекеттік қызметкерлерден бастап жатырмыз. Конституцияға сай, тіл туралы мемлекеттік бағдарлама жоспары бойынша солай болуы тиіс, оған неге соншама шу тудыру керек?» деп, нағыз мемлекетшіл тұлға екенін көрсеткен болатын. Сондықтан болу керек, Мәдениет министрлігінің аталмыш заң жобасындағы «мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілде жүгінуі міндетті» деген шешуші норманың қайтып алынып тасталғанын ел алдында ұялмай айтуға телпек киген Телебаев барғанмен, Жанат Құрманғалиева барған жоқ... Осы 20 жылдың ішінде мұндай ұлт мүддесіне һәм мемлекет мүддесіне қарсы сорақы мәлімдемелер аз жасалған жоқ. Бірақ бір де бір рет мансабынан ел намысын, ер намысын артық көріп: "Мен бұған үзілді-кесілді қарсымын! Мұндай масқарамен ел алдына шыққанша орнымнан кетейін!"-дейтін ұлт уызына қанып өскен бір тұлғаны көре алмай-ақ өтетін шығармыз... Қайран, жер тұтастығын сақтап қалған Жұмабек Тәшеновтер, Нұртас Оңдасыновтар-ай дейсің еріксіз... Әлемнің 100-ден аса өзін-өзі сыйлайтын мемлекетінде Мемлекеттік тіл туралы заң қабылданған. Ал біз 22 жылдан бері « қазақ тілі –мемлекеттік тіл» деп айқын жазылса да, кім қандай мақсатқа бұрғысы келсе, солай иленетін (тек мемлекеттік тіл мүддесіне емес) екіойлы, жарымжан бабы бар Атазаңмен өмір сүріп келеміз. Кеңес Одағы кезінде, отар ел кезімізде 1989 жылы қабылданған Тілдер туралы заң да біртұтас Қазақ елі азаматтарын тілдік қолданыстарына байланысты екіге бөлген, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың: "Мемлекеттік тіл - Қазақстандықтардың бірігу факторына айналуы тиіс" деген ұстанымына қарсы шығып келген, сөз жүзіндегі мемлекеттік тіл статусына іс жүзінде қарсы заң ретінде өмір сүріп келеді. Өткенде "Жас қазақ үні" газетіндегі (www.qazaquni.kz) "Ана тіліне миы жетпегендер қалай министр болады?" атты менің мақаламды көптеген интернет басылымдары көшіріп басып, үлкен қолдауға ие болды. Бұл жерде мемлекеттік тілдің өзіне тиесілі Конституциялық статусына ие бола алмай келе жатқанына биліктің былқ етпеуіне деген елдің ызасын анық байқауға болады. Мемлекеттік тілге, яғни мемлекеттік мүддеге қарсы шыққан БАҚ-тардың, саясаткерлер мен қайраткерлердің, жеке тұлғалардың, ұйымдар мен партиялардың аты-жөндері аталып, қатаң айыпталуы керек. Мемлекеттік БАҚ қай тілде болсын, әсіресе орыс тіліндегі бұқаралық ақпарат құралдары мемлекеттік мүддені қодауы тиістігі билік тарапынан қатаң қадағалануы керек.Бұл мемлекеттік тапсырыс алатын жеке, тәуелсіз БАҚ-тарға да қатысты жайт. Әлемнің 100-ден аса мемлекетінде мемлекеттік тіл туралы заң бар екенін айтып өттік. Біздің барлық көрші мемлекеттеріміз өздерінің баяғыда Тәуелсіз ел екендіктерін іспен айқындап, тілдік, ұлттық мүдделерін шешіп алған. Мәдениет министрлігінің заң жобасындағы еліміз 20 жыл бойы сарғайып күткен, мемлекеттік тілді шын мәнінде Конституцияға сай іске асыратын баптарға еліміздегі түрлі ұлт өкілдері де бар, озық ойлы азаматтар қолдау білдіруде. Ал тозық ойлылар өз қара бастарының қамы мен кешеден қалған империялық, нағыз шовинистік пиғылдары үшін мемлекеттік тіл жайлы Елбасы саясаты мен мемлекеттік бағдарламаға қарсы, ең бастысы Ата заңға – Конституцияға қарсы әрекет етіп отыр. Әйгілі қаламгер-қайраткер Герольд Бельгер «Қазақ тілінің үстемдік алуын қос қолдап қолдаймын, бірақ тағы да аяқсыз қалмаса...» деп баспасөз бетінде қоштай отырып, қаупін де білдіріпті. Айтса, айтқандай, Қазақстанның Мәдениет министрлігінің шет елдің, яғни Ресейдің бір-екі басылымдары сынады екен деп, сына қалғаны біздің намысымызды келтіруде. Мұндай масқараны ешқандай ел жасамайды. Қайда саяси партиялар, қайда Қазақстанды елім-жерім дейтін түрлі ұлт зиялылары?! «Нұр Отан» қайда, қорғамай ма Отан мүддесін - Мемлекет мүддесін - Мемлекеттік тіл мүддесін!? Өзінің тіл туралы заңды білмейтінімен шаруасы жоқ, Мәдениет министрлігіне ақыл айтқыш «Адам құқы жөніндегі хартия» қоғамдық қоры директоры Жеміс Тұрмағамбетова дегеннің танаулауына жол болсын... Дауыс көтерсе, болды, біздің министрлердің, жалпы шенеуніктердің жалы жығылып сала беретініне үйренген « жеміссіз» желөкпелердің ұлт мүддесіне қарсы келуде желі оңынан соғып тұр... Елге жеміс болмай кеміс болған оған қазақтың да адам, ел екенін, сондықтан оның да өз мемлекетінің құқы мен мемлекеттік тілін білу, міндеттеу хұқы бар екенін қазақтың құқын таптағыш «Адам құқын» қорғағыштың мишығына жеткізу үшін біраз жүйкені жұқартуға тура келіп тұр... Оған заңдық сауат ашу үшін «Жас қазақ үні» газетінің өткен №32 санындағы (12.08.2011жыл) «Для Конституционной нормы – соответствующий закон о языке» атты тілшіміз Дастан Елдесовтың мақаласын оқуға кеңес береміз. Сонымен қысқаша үзінді келтіре кетейік: ...В этой же статье исполнительный директор общественного фонда «Хартия по правам человека» Жемис Турмагамбетова обвинила целое министерство в незнании Конституции страны: «Пусть Министерство культуры внимательно читает статью 7 Конституции, где сказано, что в государственных организациях наравне с казахским официально употребляется русский язык». Учитывая, что обвинение в антиконституционной основе проекта прозвучало и от других лиц, мы решили последовать совету правозащитницы. И внимательно прочитали не только Основной закон, но и Дополнительное постановление Конституционного Совета РК от 23 февраля 2007 года № 3, а также языковое законодательство РК. Так уж сложилось, в Казахстане многие, в том числе и юристы, считают русский язык официальным. Хотя в таком случае, не мудрствуя лукаво, так и написали бы в законе: официальным является русский язык. Но в Конституции звучит иначе: «В государственных организациях и органах местного самоуправления наравне с казахским официально употребляется русский язык». Некорректная и двусмысленная формулировка «наравне с казахским официально употребляется» многих ввело и вводит в заблуждение. Ведь язык без официального статуса не может быть равный по статусу государственному языку. В социолингвистике официальный язык – это язык правительства, государственного управления, законодательства, судопроизводства. Государственный язык – язык, выполняющий интеграционную функцию в рамках данного государства в политической, социальной и культурной сферах, выступающий в качестве символа данного государства. Во многих странах эти понятия очень близки по смыслу, нередко являются синонимами (например, в РФ). Статус государственного языка у нас имеет казахский, а русский язык, соответственно, не является официальным. Чтобы разрешить этот юридический казус, группа депутатов парламента, представитель Министерства юстиции, представитель Министерства культуры и информации, представитель Генеральной прокуратуры РК в свое время обратились по этому вопросу в Конституционный Совет РК. КС в вышеуказанном Дополнительном постановлении постановил: «Равенство в применении в государственных организациях и органах местного самоуправления государственного казахского и официально употребляемого русского языков не означает наделение последнего статусом второго государственного языка. Верховенство статуса государственного языка означает закрепление Конституцией и возможность установления законами исключительности либо приоритетности его применения в публично-правовой сфере». Кажется, Конституционный Совет расставил точки над i, отметив также, что «При этом государство должно проявлять заботу о государственном языке и стимулировать его развитие, распространение и применение не только в области государственно-правового регулирования, но и во всех других сферах общественных отношений». Однако работа правительства, в частности Минкультуры по выработке законодательного механизма приоритетности государственного языка вызвала антиконституционную реакцию ряда республиканских и российских изданий... Мұндай кеңес үшін Тұрмағамбетова табынатын хартияшылдар елінде қанша төлейтінін білеміз, біздікі бірақ тегін... Бұндай тегін ликбезден тек Тұрмағамбетовалар ғана емес, біздің министрліктегілер де, жалпы шенеуніктер түгел сауат алуы керек. Сонда аналар өйтті, мыналар бүйтті екен деп әркімге жалтақтап, алған бағытынан айнып шыға келіп, масқара болмайды... Иә, Қазақстан Республикасы Конституцияның 7 бабында «1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк тiл - қазақ тiлi» деп анық жазылған. Ал орыс тілі туралы «Қазақстан Республикасындағы ресми тiл - орыс тiлi» деп жазылмаған. Тек «Мемлекеттiк ұйымдарда және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында орыс тiлi ресми түрде қазақ тiлiмен тең қолданылады» деп жазылған. Ал бұл «ресми тіл» мен «ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады» деген анықтамалардың арасы аспан мен жердей екенін сауаты барлар бірден түсінсе керек. Ал түсінгісі келмегендерге Конституциялық Кеңес «ресми түрде тең қолданылады» деген сөз « орыс тілі екінші мемлекеттік тіл дегенді білдірмейді» деп, тайға таңба басқандай, соқырларға таяқ ұстатқандай анықтама береді. Ал бүгінгі өмір шындығы, яғни де-факто қандай? «Тең қолданылатын» орыс тілі Конституцияны белден басып, «мемлекеттік тіл» статусына ие болып алды. Ал қазақ тілі «мемлекеттік тіл» деген өз стастусы түгіл ең болмаса «тең қолданылады» деген орыс тілінің де деңгейіне ие бола алмай қалды. Міне, сізге нағыз «тіл төңкерісі!» Ал орыс тілінің антиконституциялық дәрежесін қолдаушы антимемлекеттік БАҚ пен қоғамдық ұйымдардың, жеке тұлғалардың әрекеттерін тоқтататын, заңға бағындырып, тәртіпке шақырып, шара қолданатын кез жетті! 20 жыл жетесіздерге аз көрінгенмен, жетелілерге жеткілікті мерзім! Үкіметтің, яғни Мәдениет министрлігі заң жобасында бар бапты мемлекеттік тілге миы жетпейтін мемлекетке қарсы мисыз мемлекеттік қызметкерлер ( нағыз парадокс) жаратпағаны үшін, қайдағы бір заңнан хабары жоқ «сарапшылар» шәуілдеді екен деп, жобадан алып тастау- бұл елдің намысын келтіретін масқара! Неге мемлекеттік тілді 20 жылдан бері әдейі үйренгісі келмеген, (өйткені нағыз топас адамның өзі де кез-келген тілді 3 жылда үйреніп алатыны ғылыми дәлелденген), енді 80 жылдық мұрсат сұрайтын, Қожанасырдың есегінен үш есе сауатсыз надандықтары арқылы Тәуелсіз Қазақстан мемлекетіне ашық қарсылық танытып келе жатқан Марат Нұрпейіс (бүркеншік ат болуы да мүмкін) секілді мәңгүрттер үшін, Жеміс Тұрмағамбетова секілді заң білмейтін нигилист «заңгерлер» үшін, Крамаренко секілді «ладтық» ашық арандатушылар үшін Біз, яғни тұтас ел, қорлану азабын тартуға тиіспіз?.. «15 жылдан бері мемлекеттік тілді аю да үйреніп алатын уақыт болды»-деп Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өзінің ащы шындықты жайып салғаны да топан судай қаптаған топастарды ойландыра алмаса, не шара?!
Нұртай Мұстафаев деген сарапшы біреу «қазақ тілін күшпен, орыс тілінің есебінен дамытуға болмайды» деп соғады. Ау, осы 20 жылдан бері мемлекеттік тілдің дамымай келе жатқаны нақ осы «күшпен мәжбүрлеу мен орыс тілінің есебінен енгізу» болмағандықтан емес пе? Кез-келген нәрсе 100 пайызбен өлшенсе, оның 99 пайызын Конституцияны белден басып, заңсыз орыс тілі алып келе жатса, 1 пайыз мемлекеттік тіл 99 пайыз орыс тілінің есебінен дамымамаса, ауадан дами ма, әлде, басқа мемлекеттің есебінен дами ма? Осы бір бастауыш сынып оқушылары да білетін қарапайым арифметикаға миы жетпей жүрген, «Шіріген жұмыртқа» сыйлығының нағыз үміткерлері жетеді... Олар жалғыз Мұстафаев қана емес, - билік орындарындағы шекесіз болса да, шекеден қарағыш шенеуніктер мен Жеміс Тұрмағамбетова, Марат Нұрпейіс, Есенжол Алияров, Нұрлан Ерімбетовтер... Бұл «сарапшы» деген «ескі жабуы» тозғандар неменесіне бос былшыл «пәлсапа» соғады екен дейсің...
Осыдан екі ай бұрын жазған мақаламызда: «Қазақстан Үкіметі былтыр 2020 жылы ғана, яғни Тіл туралы заң қабылданғанына 31 жыл, Тәуелсіздігімізге 30 жылдай толған соң ғана қазақ тілінде сөйлейміз деп мәлімдеді!.. Ал ең топас адамның өзіне тіл үйренуге 3 жыл жетеді екен… Сонда біз он есе топаспыз ба?.. „Қожанасыр есегін де 30 жылдан соң сөйлетемін деп еді, біз сол Қожекеңнің кейіпкерінен де кейін болыппыз ғой… Бұл ЕҚЫҰ-ға төраға, 50 елге еніп келе жатқан, Елбасымыз бар елдің азаматтарын қорлау емес пе?”…Ал жалпы әлемде мемлекеттік қызметкерлері мемлекеттік тілді білмеуге құқы бар мемлекет бола ма?!. Біз байғұстардан басқа…» деген едік.
Ал ендеше біз орыстілділер секілді үкіметтің заң жобасында жоқты емес... барды - сол мемлекеттік тілді білуді міндеттейтін бапты талап етеміз. Бұдан шет қалған ұлтттық БАҚ - бақ емес СОР деп жариялайық. Сол үшін көшеге шығуға дайынбыз. Неге мемлекеттің ақшасына шығып жатқан немесе мол тендер алатын қазақ тілді басылымдарды айтпағанда, "Казахская правда", "Литер", Мегаполис, "Время, "Караван" Экспресс К, т.б. басылымдар мен интернет порталдар мемлекеттік тіл мүддесін қорғамайды? Неге елдің бас газеті саналатын «Егемен Қазақстан» егемен елдің тілін жоқтап, жар салмайды? Бір сәт шөп жинау мен көбік сөзді көп жиналысты жазуды доғара тұруға болады ғой... Мысалы біз, қазақ басылымдары мемлекеттік тілге қарсы шыққан "Мегаполис" секілді басылымдардың жабылуын талап етеміз. Оларға 2012 жылы мемлекеттік тапсырыс берілуге қарсымыз, қатаң қадағалап, шу көтереміз.
- Ал Ресейлік ақпарат құралдарының Қазақстанның ішкі ісіне араласып, кері ықпал етуі – Тәуелсіздігімізді мойындамауы, ел егемендігіне қарсы шығу деп танылу керек. Осы жерде Қазақстанның ұлттық ақпарат қауіпсіздігін сақтау мақсатында тиісті шаралар жасайтын уақыт өтіп бара жатқанын айтуға тиіспіз! Міне, керек болса, ақпарат кеңістігін жат елге жаулатып қоюдың ашық кесірі!
- Мемлекеттік тіл мәселесінде 20 жылдан бері күтетін ешнәрсе қалмады. Мемлекет, мейлі қоғам тарапынан болсын, ендігі «күту», ендігі «дайын емеспіз» деген дайын желеу (Есенжол Алияров сияқтылар) немесе «халықтың өзі шешсін» деп орындалмайтын нұсқаға аудара салатын жаны ашымастық (Нұрлан Ерімбетов сияқтылар), немесе орыс тілінің қолданылуын шектемесе, мемлекеттік органда мемлекеттік тілге орын жоқ екеніне миы жетпегенсу (Нұртай Мұстафаев сияқтылар) – ол тек Тәуелсіз мемлекетке қарсы, аяқтан шалушылардың, халықтың жарылуын аңсағандардың әдейі әрекеті деп бағалану керек! Шегінерге жер жоқ – артымызда масқара!
- Яғни, елдің шыдамы шегіне жетті. Әлі де ел шыдамын сынағысы келгендер – тәуелсіз Қазақ елінің жаулары! Олар тарихи да, табиғи да, саяси да заңдылықтарға байланысты билік шешуге жігері жетпеген ең басты ұлттық мәселені ұлттың өзі шешуге бел байлайтынын біліп тұрып, елді көшеге шығуға мәжбүрлейтіндер. Ақорда шешпеген мемлекеттік тіл мәселесі алаңда шешіледі! Алаңға шығатындар мемлекеттік тілге байланысты Ата заңның іс жүзінде қолданылуын талап етіп шығады!
- Ең бастысы - ел намысын ойлау керек. 20 жыл бойы бейшара болғанға, "өмір бойы бейшара бола береді, біз не айтсақ, сол орындала береді" деп ойлауға үйреткені үшін ең алдымен билік кінәлі бұл жерде. Енді шегінерге жер жоқ! Артымызда - Ел намысы - Тіл намысы - Ұлт намысы - Тәуелсіз мемлекет намысы! Ал билік тұтқасын ұстап отырғандар бұл намыстың бәрінен жұрдаймыз десе - орындарын босатсын, намысты ұлдар жетеді!
«Жас қазақ үні» газеті
www.qazaquni.kz
МЕН ҚАУІП ЕТКЕННЕН АЙТАМЫН... Әрине, жоғарыда айтқандай,мемлекеттік тілдің артықшылығын танытатын заң қабылдамай, барлық әрекеттер адымын еркін аша алмайды… Тағы да қайталаймыз, Мемлекеттік тіл деген сөз – ол тілдің өзге тілдерден артықшылығы, яғни қазақшаласақ, үстемдігі деген сөз. Бұл барлық дамыған мемлекеттер үшін әркім әліппедей білуге тиісті артықшылық! Бізден басқа барлық ТМД мемлекеттері, титтей қырғыз да, шағын тәжіктер де, шын мәнінде Тәуелсіздік алған елдер Ресей тілін пайдаланбайды. Бұны біз күніге жүз рет, мың рет қайталай беруге тиіспіз!Қазыбек ИСА
«Ана тіліне миы жетпегендер
қалай министр болады?»
«Жас қазақ үні» №22-23 16.07.2011.
Мен Президенттен бастап, Үкімет, Парламент төрағаларынан бастап, министрлер, әкімдерден, барлық басшылардан бастап, тек мемлекеттік тілде сөйлесе, біріншіден, миллиардтар жұмсалса да, маңдымай жатқан (себебі қажеттілік жоқ) мемлекеттік тіл дамиды. Екіншіден, мемлекеттік тілді білетін қаншама қазақ пен қазақстандыққа жұмыс табылады. „Орысшаға аударып әкел” деп, омалып отыратын топастар орын босатады…Сонда орыс тілінде сөйлеу, яғни Қазақ тілінде сөйлемеу деген сөз – қазақ тіліне, сол арқылы өз елінде қазаққа жұмыс бермеу деген сөз! Яғни, бұл ұлтқа жаулық емес пе? Сонда ұлтқа, яғни мемлекетке ең алдымен мемлекеттік тілді білмейтін шенеуніктер, министрлер, әкімдер, депутаттар, ұлттық компания жетекшілері, барлық басшылар жау деген сөз ғой! Ал ондай топас жауларды құрту керек емес пе? Көрнекті орыс жазушысы К.Паустовский : «Ана тілін білмеу-ұлтқа жасалған опасыздық» деп жазды сол кездің өзінде… Біздің орысшыл, орыс болып кеткен мәңгүрттеріміз неге осы орыс данышпанының сөзін ескермейді…Біз бұл ана тілін білмейтін және ана тілінде сөйлемейтін опасыз, сатқындарды, яғни жауларды жазалап, жауапқа тартпай-ақ қояйық, алғашқыда… Олар өз еріктерімен орындарын босатсын! Сонда өзге ұлт өкілдері лезде мемлекеттік тілді үйреніп алады. Қазақтың ақшасына шығып жатқан өзге тілді, пиғылы нашар, басбұзар басылымдар негізгі ұлтты негізсіз келемеждеп, “киіз үй- бомждардың баспанасы” дегендей… намысқа тиер сөздер жарияламайды… Тәуелсіздігіне 20 жыл толып отырған Қазақстанда өз ана тілін, яғни мемлекеттік тілді білмейтін топастар мен жауларға орын жоқ!Қазыбек ИСА
«Ана тіліне миы жетпегендер
қалай министр болады?»
«Жас қазақ үні» №22-23 16.07.2011.