Мүшәйра!!! Махаббат маусымы
2011 ж. 12 сәуір
4146
6
Көрікті көктем келгелі, көгарай сәуір енгелі көктей бүршік жарып, гүлдеген көңілдер де көкке самғап, көркем сезім күн сәулесін төгуде.
«Жас қазақ үні» газетінде көтерілген «Махаббат күні» мәселесіне байланысты «Махаббат маусымы» мүшәйрасы өткізіледі.
«Махаббат жас талғамайды» дегендей, махаббат мүшәйрасы да жас талғамайды...
Өлеңдер 2011 жылдың 15 мамырына дейін қабылданады. Мүшәйраға тек жаңа өлеңдер ғана қабылданады. Көлеміне шек қойылмайды.
Бас бәйге – жеңімпаздың жеке кітабын – махаббат жырларын «Тұран» баспасы шығарып береді. Өзге де үздік жырлар «Махаббат маусымы» жинағына кіргізіліп, «Жас қазақ үні» газеті мен «Жұлдыздар құпиясы» журналында жарияланады.
Өлеңдерді «Жас қазақ үні» газеті редакциясына, 050006, Алматы қаласы, Қалқаман-3, К.Сейітов көшесі,11 үйге, info@qazaquni.kz электронды поштаға және www.qazaquni.kz сайтына жолдауға болады.
Мүшәйраға қатысыңыздар, Махаббат жыршылары!