Қазақстан Ресейден құлаған "Протон" үшін $89 млн талап етті

imagesҚоршаған орта және су ресурстары министрлігі "Протон-М" зымыран тасығышы апатынан келген экологиялық зардап шығынын анықтады. 2 шілде күні апатқа ұшыраған "Протон-М" экологияға 13 миллиард 690 миллион теңгеден артық, яғни 89 миллион АҚШ доллары көлемінде зардап келтірген. Апат орнындағы зиянды заттардың шектік концентрациясы туралы екі елдің ақпараты екі түрлі болды. Қазақстандық мамандардың бағалауынша, ол 660-тан 330-ға дейін, ал ресейлік мамандардың есептеуінше 130-дан 10-ға дейін төмендеген. Апаттан кейінгі айларда қазақстандық белсенділер Ресейдің Байқоңырдан гептил қолданатын зымырандар ұшырмауын талап еткен бірнеше акция өткізді. "Роскосмос" зымыран ұшыруға қарсы шаралар өтіп жатқан кезде, 30 қыркүйекте Байқоңырдан тағы бір "Протон-М" зымыран тасығышын ұшырды. Алайда Ресей жағы аталмыш соманы төлейтін, төлемейтіні әзірге белгісіз.

"31 арна"