Назарбаев: Қазақстанда бір ғана Президент бар және ол басты
2019 ж. 17 мамыр
2678
9
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев президент сайлауынан кейін келген жаңа команда өзіндік инновация енгізетініне сенімді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Көшбасшы мен халық біртұтас, ал әзірленіп жатқан бағдарламалар мен идеялар халықтың толық қолдауымен жүзеге асырыла бастаған кезде табыс болуы мүмкін. Бізде осылай болды, бәлкім, саясат дұрыс болды. Мен бес жалпыхалықтық сайлауға қатыстым, маған электораттың 85 пайызынан кем дауыс беріп көрген емес. Келесі трансформация тыныш, саяси сілкіністерсіз өтті. Менің ойымша, бұл жағдайдан дұрыс жолмен шыға білу керек. Менің мандатым әлі де жалғасты, аяқталмады. Мен әлі де жұмыс істей берер едім. Тіпті өз кандидатурамды 100 пайыз сеніммен қойып, мені бүкілхалықтық сайлауда қайта сайлайды дегенге сенімдімін. Бірақ өзгерістер қажет, жаңа ұрпақ қажет", - деді Назарбаев Астана экономикалық форумына қатысушыларға.
Ол президент сайлауынан кейін келетін жаңа команда өз инновациялары мен ой-пікірлерін енгізетініне сенім білдірді.
"Көріп отырсыздар, мен спикерлер үшін қандай да бір қолайсыздық туғызамын, алдымен "Тұңғыш Президент", содан кейін "Президент" деп айтуға тура келеді. Осындай жағдай. Менің ойымша, Қазақстанда екіжақтылық болмайды. Бір Президент бар және ол басты. Біз оны сайлағанда соған жұмыс істейтін боламыз", - деді Елбасы.
Осыған дейін Нұрсұлтан Назарбаев ішкі және сыртқы саясатты, сондай-ақ қауіпсіздікті қоса алғанда, мемлекет дамуының стратегиялық бағыттары бойынша жұмысқа қатысуды жалғастыратынын атап өтті.
"Менің бар жұмысым жаңа президенттің қызметін қолдау, тыныш жағдайда транзитті қамтамасыз ету және басталған жұмысты жалғастыру", - деді ол.
Айта кетейік, Нұр-Сұлтанда XII Астана экономикалық форумы өтіп жатыр. Оның жұмысына 74 елден 5 мыңнан астам сарапшы, саясаткерлер, бизнесмендер мен ғалымдар қатысады.