Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Республикасына мемлекеттік сапармен барды
2019 ж. 15 сәуір
3019
1
Қазақстан Президенті Ташкент қаласына мемлекеттік сапармен келді, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Сапар аясында Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен шағын және кеңейтілген құрамда кездесулер өткізіліп, бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойылады, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін брифинг өткізу жоспарланған.
Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстандағы Қазақстан жылының салтанатты ашылу рәсіміне қатысады.