Тоқаев "Көкжайлау" курортының құрылысын кейінге қалдырды
2019 ж. 08 сәуір
3656
0
ҚР Президентінің ұсынысымен «Көкжайлау» курортының құрылысы кейінге қалдырылған. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Туиттердегі парақшасында жазды.
«Алматы қаласының əкімі Б.Байбек сарапшылардың бағалауы мен қала тұрғындарының пікірін зерттеп, зерделеу үшін «Көкжайлау» тау-шаңғы курортының жобасын кейінге шегеруді ұсынды. Менің ұсынысым бойынша қабылданған бұл шешімді қолдаймын. Мұндай маңызды мәселеде асығыстық танытуға болмайды», деп жазды ҚР Президенті.
Еске сала кетсек, бүгін Алматы әкімі Бауыржан Байбек «Көкжайлау» курортының құрылысы кейінге қалдырылғанын мәлім еткен болатын.