ҚР Президенті: Азаматтардың денсаулығын сақтау мәселесі менің жіті бақылауымда
2019 ж. 08 сәуір
2657
1
Азаматтардың денсаулығын сақтау мәселесі менің жіті бақылауымда. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев твиттердегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бүгін Дүниежүзілік денсаулық күні. Биыл бұл күн халықты жаппай денсаулық сақтау қызметімен қамту тақырыбына арналып отыр. Қазақстанда денсаулық сақтау саласына республикалық бюджеттен 1трлн 180 млрд теңге бөлінген. Көп шара атқарылып жатыр, оның ішінде, ТМККК аясындағы жұмыстар да бар. Дегенмен, бұл жеткіліксіз», - деп жазады Қазақстан Президенті.
Сондай-ақ, Қ.Тоқаев өңірлердегі медициналық қызметтерге де тоқталды.
«Әлі күнге дейін аймақтарда қарапайым медициналық қызмет алуда қиыншылықтар бар. Бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастыра беру керек. Азаматтардың денсаулығын сақтау мәселесі менің жіті бақылауымда», - деді ол.