Владимир Путин Қазақстанда атом электр станциясын салуды ұсынды
2019 ж. 04 сәуір
3781
1
Владимир Путин Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен жүргізген кеілссөздерін қорытындылай келе атом электр станциясы жайлы сөз қозғады.
Путиннің айтуы бойынша, Мәскеу Нұр-Сұлтанға атом электр станциясын салу туралы ұсыныс тастаған. Бұл туралы РИА Новости басылымына сілтеме жасап, Stan.kzхабарлайды.
"Өзара әрекеттестіктің жаңа түрлеріне көшуді ұсынамыз. Бәрінен де бұрын Қазақстанда ресейлік технологиялармен АЭС салу мүмкіндігі бар екенін мензеп тұрмын", — деді Ресей басшысы.
Естеріңізге сала кетейік, Тоқаевтың Ресейге баруы мемлекет басшысы ретіндегі алғашқы сапары болды. Президент сапарының бағдарламасындағы басты мәселе — Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинмен өткізілген келіссөздер болып табылады.