Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясына ресми сапармен барды
2019 ж. 03 сәуір
2466
0
Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясына ресми сапармен келді, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Сапар барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер өткізеді, сондай-ақ, Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің төрайымы Валентина Матвиенкомен және Ресейдің зиялы қауым өкілдерімен кездеседі деп жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, Қазақстан Президенті Белгісіз жауынгердің бейітіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысады.
Ресми сапар қорытындысы бойынша мемлекеттер басшылары бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін бірлескен мәлімде жасайды және бірқатар екіжақты құжаттарға қол қояды деп жоспарлануда.