Қасым-Жомарт Тоқаев тікұшақ апатынан қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты
2019 ж. 28 наурыз
3180
1
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысында құлаған тікұшақ апатынан қаза тапқан экипаж мүшелерінің отбасына көңіл айтты.
«Қызылорда облысында Қорғаныс министрлігінің тікұшағы апатқа ұшырады.Әскери жаттығу кезінде Ақтау-Шымкент бағытында ұшқан. Өкінішке қарай, экипаж мүшелері қаза тапты. Тергеу жұмыстары жүргізіледі. Қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтамын. Отбасыларына материалдық көмек көрсетіледі», - деп жазды Президент Туиттердегі парақшасында.