Елбасы қорғаныс өнеркәсібін кешенді реттеуге бағытталған заңға қол қойды
2019 ж. 18 наурыз
2166
0
Мемлекет басшысы елдің қорғаныс өнеркәсібі саласын кешенді реттеуге, сондай-ақ мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру мен орындауға бағытталған «Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлайды.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі, ақпараттандыру саласындағы ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына да қол қойды.
Заң мәтіні баспасөз беттерінде жарияланады.