Қытай Сайрагүл Сауытбайды қайтаруды сұрап отырған жоқ - Бас прокуратура
2019 ж. 05 наурыз
3095
1
Қытай Халық Респуликасының өкілдері этникалық қазақ Сайрагүл Сауытбайды қайтару үшін ресми сұраныс жіберген емес. Бұл туралы Бас прокуратура Tengrinews.kz ресми сауалына берген жауабында айтылады.
"Қытай Халық Республикасының құзырлы органдары Сауытбайды беру туралы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына ресми түрде қайтару сұранысын жіберген емес", - деді ҚР БП өкілдері.
Ведомствоның мәліметінше, 2018 жылдың 25 шілдесінен бастап Сайрагүл Сауытбай Қазақстан аумағында саяси баспана іздеуші адам мәртебесіне ие.
4 қазанда Алматы облыстық полиция департаментінің көші-қон қызметі комиссиясы босқын мәртебесін беруден бас тартты. Әйел шешімге шағымданып, сотқа жүгінді. Іс Талдықорған сотының өндірісінде.
"Сауытбай өтінішті қанағаттандырудан бас тартқан жағдайда шешім шығарылған күннен бастап бір ай ішінде азаматтық іс жүргізу кодексінің 403 және 404-баптарында көзделген тәртіппен апелляциялық шағым беруге құқылы. Апелляциялық сатыдағы соттың қаулысына күшіне енген күннен бастап (жария етілген күннен бастап) алты ай ішінде АІЖК-нің 441-бабының талаптары сақтала отырып, Жоғарғы сотқа шағым жасалуы мүмкін. "Босқындар туралы" Заңның 8-бабы 1-бөлігі 6-тармағына сәйкес пана іздеген адамның босқын мәртебесін беру туралы өтінішхат бойынша шешім қабылданғанға дейін, шағымдану мерзімін қоса алғанда, Қазақстан Республикасында болуға құқығы бар. Соңғы шешім қабылданғанға дейін Сайрагүл Сауытбай Қазақстан Республикасының аумағында пана іздеген адам мәртебесінде болуға құқылы", - деді Бас прокуратура өкілдері.
Сауытбай 2018 жылдың мамыр айының ортасында отбасымен көрісу үшін Қытай шекарасынан өтті. Бұрын оның күйеуі мен екі баласы Қазақстанға қоныс аударып, осы елдің азаматтығын алған. Алайда, әйел отбасына қосыла алмады. Оның айтуынша, Қытайда ол бюджеттік ұйымда жұмыс істеген, сондықтан Қытай билігі оның туыстарымен бірігуіне кедергі жасады.
2018 жылы 1 тамызда Жаркент қаласында Қытайдан келген этникалық қазақ Сайрагүл Сауытбай ісі бойынша шешім қабылданды. Ол Қазақстанның мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өткеніне кінәлі деп танылған еді.
Сайрагүл Сауытбай алты айға шартты түрде бас бостандығынан айырылды. Сот оған Қазақстаннан шығарып жіберу түріндегі жаза тағайындамауды шешті. Сайрагүл Сауытбайды сот залынан босатты