Ақордада бірнеше кадрлық тағайындау болды
2019 ж. 08 ақпан
2895
1
Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Литва Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Виктор Валерийұлы Темірбаев тағы бір Елшілік қызметті қоса атқаратын болды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Литва Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Виктор Валерийұлы Темірбаев Қазақстан Республикасының Латвия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысының Өкімімен Сергей Михайлович Хорошун Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары болып тағайындалды.