Қазыбек Иса: Сайрагүлдің тағдырын саудаға салмаңдар! (видео)
2019 ж. 06 ақпан
4207
3
САЙРАГҮЛДІ АБЗАЛ ҚОРҒАЙДЫ!
Енді Елдің көңілі тынышталды! Қазақ қызының Қазақ Елінде қалуын тілейміз!
Бүгін түске дейін "САЙРАГҮЛ АБЗАЛДАН АЙРЫЛҒАН КҮНІ САЙРАГҮЛДЕН ДЕ АЙРЫЛЫП ҚАЛМАЙЫҚ!" - атты жазба жазып "Тілектестер" тобына жариялап едім. Онда былай деген болатынмын: "Енді қазір Сайрагүлдің Абзалдың адвокаттығынан бас тартқан видеосын көріп таңғалып отырмын! Бекер болды Сайрагүл! Мұның артында тұрғандарға, Серікжан бола ма, одан жоғарылар бола ма, айтарым жеке бас араздығы үшін Сайрагүлдің тағдырын саудаға салып, кеше басқаша, бүгін басқаша сөйлетіп, бұрап қойып сөйлететін қуыршаққа айналдырып, ойыншық жасауға болмайды! Ақшасын төлесең адвокат табылады, бірақ Абзалдай ешкім жан-тәнімен біліктілікпен тегін қорғай алмайды! Сайрагүл Абзалдан айрылған күні Сайрагүлден де айрылып қалмайық, ағайындар! Ең басты мәселе - Қазақ қызын Қазақ Елінде алып қалу!"-деп едім.
Енді міне, Абзал бауырымнан жақсы жаңалық келді қазір. Сайрагүлмен сөйлесіп, оны бұрынғыдай өзі қорғай беретін болып келісіпті. Енді дұрыс болды! Бірлік түбі - тірлік деген осы! Сайрагүлдің не дегенін оның жасаған видеосынан тыңдаңыздар...
Қазыбек ИСА, qazaquni.kz [video width="368" height="656" mp4="https://qazaquni.kz/wp-content/uploads/2019/02/2019020617400752.mp4"][/video]