Бес баласы отқа оранған отбасының қарызын кешірген Каспий банкке мың алғыс!
2019 ж. 05 ақпан
8929
1
KASPI BANK-тен басқа банктер де үлгі алады деп үміттенеміз
Астанадағы өрттен қаза тапқан бес сәбидің қасіретті қайғысына бүкіл ел күңіренуде. Бүгін Астанадаа бес періштені пейішке шығарып салуға жүздеген адам келіп, жаназасына қатысып, қоштасты.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ауыр қайғыға душар болған отбасыға көңіл айтты. Ал бүгін журналистермен кездескен Еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова министр Мәдина Әбілқасымованың ауырып жатқанын айтты...
Бес баласынан айрылған Ситер отбасының 4 банкіден несие алғаны белгілі болуда. Сондықтан да, әке-шешесінің күндіз-түні жұмыс істегені түсінікті. Ал бес балаға мемлекетіміздің беретін жәрдемақысы - Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова айтқандай, миллиондар емес, бар болғаны 10 мың теңге ғана!
KASPI BANK басшылығына мың рахмет! Олар әлеуметтік желіде Ситер отбасына тиесілі банкіден алған несие қарызы кешірілгенін мәлімдеді. Соныммен қатар бұл ешқандай пиар емес, ауыр қайғылы отбасына қол ұшын созу екенін жазды. Жауыңа тілемес ауыр қасіретті қайғыға душар болған отбасыға адамгершілік жасап, имандылық көрсеткен банк ұжымына, басшысы Михаил Ломтадзе мырзаға Алла разы болсын дейміз! Қазір елдің ең қолайлы банкісіне айналып келе жатқан банк өз эмблемасындағы "Ана мен бала" бейнесін ақтады!
KASPI BANK-тен басқа банктер де үлгі алады деп үміттенеміз.
Қазыбек ИСАqazaquni.kz