"Я НЕ КОНЫСБАЙ" - ИӘ, СЕНІҢ ҚОНЫСБАЙ БОЛУҒА ХАҚЫҢ ЖОҚ!
2019 ж. 23 қаңтар
9890
4
Ұлттық ата текті қорлаған жартылай қорғаушы Ұлттық мүддені қорғай ала ма?
Таяуда «Қазақ үні» сайтында «Я не Конысбай»: Қазақ футболшысы Ұлан Қонысбаев тегін қазақшалауға қарсы шықты» деген мақала шықты . Жолда болып, оның үстіне тұмауратып, жұмыс істей алмағасын кезінде жауап қата алмадым. Ал бұл «ОВ-ОВА», «ОВИЧ-ОВНА» деген отарлық құлдық жалғаудан құтылуды ширек ғасырдан бері насихаттап жүрген мен үшін үнсіз қалатын мәселе болмай тұр. Сондықтан қысқаша болса да, өз ойымды айта кетейін. Алда тағы да үлкен арнайы мақала жарық көретін болады.
РУХАНИ ЖАҢҒЫРА АЛҒАН РУХЫ КҮШТІ ҚАЗАҚ БОЛСА, ҚОНЫСБАЙ ДЕГЕН АТҚА ҚУАНУ КЕРЕК ЕДІ БҰЛ НЕМЕ!. АТАСЫНЫҢ АТЫН ЖАЗА АЛМАЙ ӨЗГЕРТІП ЖІБЕРГЕН БҰЛ САУАТСЫЗҒА НЕ ДЕРСІҢ? ӘЛДЕ, АЯҒЫ ҚАТТЫ ІСТЕГЕНДЕРДІҢ БАСЫ ІСТЕМЕЙ КЕТЕТІН ӘДЕТІ БАР МА ЕКЕН? ӨТКЕНДЕ ФУТБОЛШЫ СерИкжан МУжИК-ОВ та АТЫ-ЖӨНІН ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ЗАҢДЫЛЫҒЫНА ЛАЙЫҚТАП «МҰЖЫҚОВ» деп жазғандарға ҚАРСЫ БОЛҒАН ЕДІ. ЕГЕР оның «ОВ»-ын АЛЫП ТАСТАСА, ӨЛІП КЕТЕТІН ТҮРІ БАР ЕКЕН!..
БІЗ, "ҚАЗАҚ ҮНІ" ГАЗЕТ/САЙТЫ ҚАЖЕТ КЕЗДЕ РЕСМИ МӘЛІМЕТТЕРДЕН ӨЗГЕ ЖЕРДЕ КІМДІ ДЕ БОЛСА, "ОВ-ОВА" деген ОТАРЛЫҚ ҚҰЛДЫҚ ЖАЛҒАУСЫЗ ЖАЗЫП КЕЛЕМІЗ. АЛ ҰЛАН ҚОНЫСБАЙДЫ ЕНДІ ЕШУАҚЫТТА ОЛАЙ ЖАЗУДЫҢ ҚАЖЕТІ ЖОҚ ДЕП ОЙЛАЙМЫН! ЖАЗСАҚ, ТЕК ӨЗГЕЛЕРГЕ "АТАСЫНЫҢ АЗАН ШАҚЫРЫП ҚОЙҒАН АТЫН ЖАЗА АЛМАЙТЫН САУАТСЫЗДАР ОСЫНДАЙ БОЛАДЫ" ДЕП ӘШКЕРЕЛЕУ ҮШІН ЖАЗАМЫЗ!
Елбасымыздың Рухани жаңғыру бағдарламасы аясындағы Қазақ үшін ең қасиетті Тәуеліздік мерекесіне орай салтанатты шараға шақырған шақыру хатындағы "Ұлан Қонысбай" деген қазақ тілінің заңдылығына сай атасының атын мазақтап, шақыру хаттағы бейнеленген еліміздің ресми белгілерін келекелеп, сайқымазақ смайлик қойып тұрып "Я НЕ КОНЫСБАЙ" деп, инстаграмға жариялап жүрген сенің, шынында да, "ҚОНЫСБАЙ" БОЛУҒА ХАҚЫҢ ЖОҚ!
Қазақша ата тектен қашып отырған Улан КонысбаЕВтың қазақша білетініне де - Ана тіліне адалдығына да күмәнім бар!..
Ал ұлттық ар-намысы жоғары Ақтөбе облысының тұрғындары "Ақтөбе" футбол клубының жартылай қорғаушысы Улан КонысбаЕВтың бұл ұлттық мүдеге қарсы сүйекке таңба салар тірлігіне өз бағаларын бере жатар...
Мен Улан КонысбаЕВтың, ол ата тегін өзі осылай сауатсыз сүйсіне жазатынын жақсы білемін - азан шақырып қойған өз атын да, атасының атын да қазақ ұлтына және қазақ тілі заңдылығына сай "ҰЛАН ҚОНЫСБАЙ" деп қазақшалап, сауатты жазып берген РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ шарасына шақырушыларға мың алғыс айтамын. Кім жазса да, біздің редакцияға хабарласса, дұрыс болар еді?!
Әйгілі қазақ тарландары Рахманқұл Бердібай, Шерхан Мұртазалар бастаған ұлт зиялыларының Елбасыға Ашық хат жазуының арқасында 1996 жылғы 2 сәуірде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтыың «Ұлты қазақ азаматтардың тегі мен әкесінің атын жазуға байланысты мәселелерді шешу тәртібі туралы» Жарлығы шықты. Бұл Жарлықта «Ұлты қазақ азаматтар өздерінің тегі мен әкесінің атының жазылуын қазақ тіліне тән емес аффиксті алып тастай отырып, өзгертуге хақылы, алайда тегі мен әкесінің атының түбірлік негізі сақталуы тиіс"-деп нақты атап көрсетілді. Елбасының осы тарихи Жарлығы шыққанына қазір ширек ғасырдай уақыт болды.. Әлі күнге ОТАРЛЫҚ «ОВ-ОВА»-дан АРЫЛМАЙ КЕЛЕ ЖАТҚАНДАР АЗ ЕМЕС! ОЛАРҒА БІРІНШІ КЕДЕРГІ КЕЛТІРЕТІН КЕСЕПАТТАР ЦОН-дарда ОТЫР. Ұлттық мүддеге қарсылар ата тегін қазақшалағысы келгендерге: «БОЛМАЙДЫ! ОНДА ТУУЫ ТУРАЛЫ КУӘЛІК, ДИПЛОМ, НЕКЕ КУӘЛІГІ, КӨЛІК ЖҮРГІЗУ КУӘЛІГІ т.б. ҚҰЖАТТАРДЫ АУЫСТЫРАСЫЗ. ТІПТІ ЗЕЙНЕТАҚЫ АЛА АЛМАЙ ҚАЛАСЫЗДАР» деп, әдейі жалған айтатынын біз талай әшкерелеп жаздық. Оның бәрі өтірік. Президент Жарлығы бойынша ондай кедергі талаптарға жол жоқ. Жарлықтың 5-тармағында «Республика Үкіметі өзінің құқықтық нормативтік актілерін және республиканың орталық атқарушы органдарының актілерін осы Жарлыққа сәйкес келтіруді қамтамасыз етсін» деп жазылған. Төлқжатында "ов"-тан құтылғандар толып жүр сол бұрынғы құжаттарымен. Ауыстыратын заңды мерзімі келгенде ғана ауыстырып жатыр.
Ал атын қазақшалаудан өзі құлшына қашып отырған футболшы Улан КонысбаЕВ мен білсем, осы 1996 жылғы ата тегіңді қазақшалауға заңды құқық берген Президенттің тарихи Жарлығымен жасты немесе Тәуелсіздік алған жылмен қарайлас болар... Сонда Тәуелсіз Қазақстанда біз 28 жыл бойы КІМДЕРДІ ТӘРБИЕЛЕП ӨСІРІП КЕЛЕМІЗ? Ұлттық атаудан қашқандар Ұлт тағдыры сынға түскенде елінен де қашып жүруі әбден мүмкін емес пе? Ұлттық ата текті қорлаған жартылай қорғаушы Ұлттық мүддені қорғай ала ма?
Өйткені, барлық мәселе басынан басталатыны секілді, ұлттық мүдде адамның аты-тегін қазақшалаудан басталады!
Қазыбек ИСА,
qazaquni.kz