Жаңажылдық шыршаға бюджеттен бір тиын да бөлінбеуі керек...
2018 ж. 29 желтоқсан
4239
0
Шығыскүнтізбесі бойынша жылдың басы наурыз айынан басталатыны баршаға белгілі.Табиғи және астрологиялық ғылым тұрғысынан алғанда ол өте дұрыс. Күн мен түнніңтеңелген, табиғаттың қайта түлеген тұсынан жылды ашу санаға сиымды. Дегенменәлемнің басым бөлігі жылды қаңтар айында бастаған соң біз де бөліне алмаймыз. Жершарын мекендеген өзге мемлекеттермен тығыз байланыста, түрлі қарым-қатынастаболғандықтан жеке-дара жырылып кету де мүмкін емес. Мәселе сол жаңа жылды қалайқарсы алуда болып отыр...
Бір халықтың екінші бір қоғамда өмір сүріп жатқан ұлтқа мәдени,салт-дәстүрлік, тұрмыстық, ғылыми-біліми және өзге де әсері болары анық. Оныжоққа шығара алмаймыз. Арғы ата-бабаларымыз алғашқы болып жабайы жылқыны қолғаүйретіп, өзгелерге оны қалай пайдалануды көрсетсе, қазіргі кезде өзіміз дебасқалардан алған түрлі ғылыми-техникалық жаңалықтарды қолданып жатырмыз. Ең бастысы соның тозығын емес, озығын қабылдайбілу қажет. Қабылдап қана қоймай ұлттық ерекшеліктерімізді, қолдағы бармүмкіндіктерімізді ескере отырып, оныдамыта білгеніміз жөн. Айтып отырғанымыз – әсіресе бүгінгі біздегі ғылым менбілім саласына көбірек қатысты. Бұл біреулерге еліктеп, соқыр адамдай солардыңжетегінде жүру дегенді білдірмейді. Ашығын айтсақ қазір тым «шетелшіл» болыпалдық. Шетелдіктер шекпенін теріс кисе бізде ойланбастан соны қайталаймыз.Біздің биліктегі лауазымдылар іссапарда жүріп сырттан жылтыраған бірдеңе көрсе,қазаққа әкеліп телитін әдет қалыптастырды. Британияда былай, Сингапурда солайдеген сылтау айтып шыға келеді, құдды бір біздің басымыз солармен біргежаралғандай. Ол жаңалықты бізде қолдануға бола ма, болмай ма, қазақ үшін қандайпайдасы немесе зияны бар, ол жағы «жаңашылдарды» мүлдем толғандырмайды, ол үшінбастарын ауыртпайды. Шектері үзіліп кетсе де айтайық, өз тарапынан толымды жобанемесе басқа да пайдалы жаңалық ойлаптабуға олардың өресі жетпейді. Мұндай «реформаторлар» Елбасының алдында біркөрініп қалуды, сол арқылы қызметін көтеріп алуды ғана мақсат тұтады. Бізқазақты жоғары қойып, өзгелердің жетістігін жоқ қылудан аулақпыз. Әр нәрсенің белгілі бірмән-мағынасы, шарықтар шегі болуы қажет.
Сонымен, басындағы негізгітақырыбыз – жаңа жылдық шыршаға қайта оралайық. Алдында айтқандай сырттан келіп орныққан, бүкіл әлемге таралған бұл мерекелік шараны бірден алып тасталық деп отырған ешкімжоқ. Қырық кісі бір жақ болғанда қыңыр болып көрінбей-ақ қоялық. Ондаған жылдартұрмысымызға енген үрдісті ұмыттыру оңай емес. Бірақ бұл жерде де біздің асырасілтеп жіберетініміз бар. Айталық, жаңа жылдық шыршаны ондаған жылдар бойымезгілінен бір ай бұрын құрып әлем жұртшылығын таңғалдырып келдік. Керекдесеңіз, Ресейдің өзінде шырша жаңа жылға бір апта, әрі кетсе он күн қалғандаорнатылады. Не керек, жұртшылық жылдар бойы айтып, басылымдар жазып,Тәуелсіздік пен Желтоқсан құрбандарын еске алу күнінен кейінгіге әзерсырғыттық. Өйткені қазақ үшін айтулы қос мереке жаңажылдық шыршаныңкөлеңкесінде қалып қойды емес пе? Бізде егеменді ел атанғалы Астана қаласының туған күнін есепке алмасақ, саясижәне қоғамдық маңызы жоғары мерекелерге дәп осы Жаңа жылдағыдай дайындық болыпкөрген емес. Қай мерекеге бюджеттен, яғни халық қаржысы есебінен осыншама ақшабөлініпті? Жоқ айта алмаймыз, тіпті ең басты, ең қастерлі деген Наурыз немесе Тәуелсіздіккүніне де осыншама қаржы бөлінбейді. Ал жаңа жылдық шырша десе өңір басшыларыоза шабады. Оған еліміздегі аймақтарда жаңа жылдық безендіруге қанша қаржыбөлгеніне қысқаша шолу жасасақ нақты көз жеткізуге болады. Алдынала айтыпқоялық, осы мерекеге бөлінген қаржының тым көп, бұл ақшаны желге шашқанменбірдей екенін айтқан көпшіліктің сынынан соң әкімдіктегілер тізгінді сәл деболса тартайын деді. Бірақ қаржыны ысырап ету әлі тоқтар емес.
Жаңа жылдық шыршаға шығынданужағынан Алматы қаласы алдыңғы орындыешкімге берген емес. Оңтүстік астана бұрындаржүздеген миллионды ойланбастан жұмсаса, былтыр ұқыптылық, үнемдеу деген ұғымдыеске алып, 175 миллион теңгені жаңа жылдың жолына құрбан еткен-ді. Халықнаразылығынан қаймықты ма, биылғы жаңа жылдық безендіруге жұмсалатын қаражаткөлемін тағы да қысқартып, 75 миллиондық межеге түсіріпті. Есесіне дербес қаламәртебесіне ие болған Шымкент шаһары биыл оза шауып, өзгелерді шаңның астындақалдырғалы тұр. Қаланың жаңа мәртебесі масайратты ма, жаңа жыл қарсаңында тек қана көшелердібезендіруге қала бюджетінен 70 миллион теңге шығындалмақ. Кейбір дереккөздердіңайтуынша бұл шараға 80 миллион теңге бөлінбекші. Қала әкімі Ғабидолла Әбдрахимовтіпті бұл соманы азсынатын көрінеді. 2015 жылдары Шымкентті басқарған уақыттаоның Жаңа жылды тойлауға қарсы шыққаныел есінде. Жақында Оңтүстік Кореяастанасы Сеулге іссапармен барып қайтқалы реформашыл әкім өз ұстанымынтүбегейлі өзгерткен секілді. Кезінде қала бюджетіндегі қаржыны үнемдеу үшінқызметкерлерін қызметтік көліктен қоғамдық автобустарға отырғызған Ғабидолла Әбдрахимовке бұл жолғы Сеул сапарыкері әсер еткен сияқты. «Менің ойымша, 70 миллион үлкен қала үшін көп ақшаемес. Басқа қалаларды көріңіздерші. Олар қалай безендіріп жатыр? Мен кешеСеулге барып көрдім. Олар қаланы безендіру үшін 70 миллион теңге емес, 70миллион доллар бөледі...» - деп шаһар тұрғындарын шабыттандырды. Сеул қайда,Шымкент қайда?! Экономикасы қарыштап дамыған оңтүстік кореялықтармен бізге жарысуға әлі ертерекшығар. Олардың әлеуметік-тұрмыстық деңгейі әлем бойынша алдыңғы орындардыңбірінде тұр, жұмыскерлері бізгеқарағанда ондаған есе жоғары жалақы алады. Әлде шымкенттіктердің де дәулеті тасып,әрбір тұрғыны баспаналы болып, астарына бір-бір «джип» мініп жүр ме? Аспандағыжұлдызға қол созбас бұрын астыңдағы табан тіреген тұғырыңа қарап алу керек қой.Мақаламыздың басында тым «шетелшілдік» болып кеттік дегеніміз осы болатын.Бұндай «жаңашылдықты» қазақша қарапайымсөзбен айтқанда – дарақылық дейді. «Ораза, намаз – тоқтықта» деген екенаталарымыз. Тұрғындарының тапқаны тамағы мен коммуналдық төлемдерге жетпейжатқанда, даңғырлатып мереке жасауға ақша шашу жұмсартып айтқанда барып тұрған– ұқыпсыздық.
Бұның бірғана шымкенттіктерге ғана емес, еліміздегі барлық аймақтардың басшыларына датікелей қатысы бар. Әдетте әлеуметтік маңызы зор мемлекеттік бағдарламалардыорындауға келгенде бөлінген қаржыны дер кезінде игере алмай жататын, шабанаттай шалыс басатын әкімдер жаңажылдық шараға келгенде ширақ қимылдап, күздің басында тендер жариялап, тіпті миллиондардыигеретін компанияларды да алдынала белгілеп қойған көрінеді. Мысалы, жаңа жылқарсаңында Атырау көшелері 89 миллион теңгенің әшекейлерімен безендірілмек. Павлодар – 40 млн, Ақтау – 14 млн, Ақтөбе әкімдігі 27 млн.теңгені осы мақсатта жұмсамақшы. Бұл неткен батпан құйрық, қаржыны қайдажұмсарымызды білмей жатқанымыз ба?
Атаулышараға бір тиын да бөлмеген аймақтар да бар екен. Олар – Өскемен мен Петропавловск. СҚО басшысы жұмыла жасайтын шараға миллиондап ақша шашпаудың жолын тапқансекілді. «Көп нәрселерді балалардың, колледжд студенттерінің қолымен істеугеболады. Мен әдейі қала әкімін осы жерге алып келіп, Астананың безендіруінкөрсеттім. Ешқандай қиыншылығы жоқ, мұндай құрылғыларды әрбір колледждің шеберханаларында дайындауға болады» - дейді Құмар Ақсақалов. Бұл халыққаржысына жаны ашитын әкімнің сөзі. Аталмыш шараға былтыр да бір тиын бөлмеген әкім биыл да мерекені бюджетшығынысыз, көпшіліктің көмегімен атқармақшы.
Шығыс пенСолтүстік Қазақстан облысы әкімдіктерінің бастамасы кейбір өзге өңірлерге деенгізіле бастаған секілді. Бұл әрине құптарлық жағдай. Мысалы, жарияланған кейбір хабарларға қарағандаАстана қаласының әкімшілігі де биыл жаңа жылды тойлауға бір тиын бөлмейтіндігін мәлімдеген. Жасылшырша орнату, мұз қалашықтардың құрылысы мен толып жатқан түрлі мәденишараларды кәсіпкерлердің есебінен жүзеге асырмақшы екен. Әкімдік өкілерініңайтуынша бұған бизнестің өзі қызығушылық танытқан. Жаңа жылдық жобаларға қаржы құйып одан еселеппайда табуды мақсат тұтқан кәсіпкерлер мұз қалашығындағы сырғанақтарды салып,шаналарды жалға беріп, оған қоса сусындар, ыстық шай мен тамақ сатыппайда көрмекші. Жұмысқа қызу кірісіп кеткен астаналық кәсіпкерлер жаңажылға дайындыққа нақты қанша қаражат жұмсағаны белгісіз. Оны жариялауға даміндетті емес шығар, өйткені қаржыны өз қалталарынан шығарып жатыр.
Ашығын айтсақ, бұл жаңалық емес, мұндай тәжірибе бұрыннан бар-ды. Мерекелік шараларға кәсіпкерлер бұрыннан қомақты қаржы бөліп келген, әрине «ерікті-міндеттелген» түрде. Осы жерде мына бір күдікті айтуға тура келеді. Мереке кәсіпкерлердің күшімен атқарылса, сонда осы мақсатқа жылдар бойы бюджеттен бөлінген ақша қайда кетті? Жұмсалмаған қаржы деп оны қазынаға кері қайтарып па? Жоқ. Тағы да сол шенеуніктердің қанжығасында кетті. Елімізде қанша қала, қанша аудан бар. Қаншама жылдар қыруар қаржы бөлініп келді, есептеп көріңіз. Сол қаржыға қаншама баспана, қаншама мектеп, балабақша салуға болушы еді. Ештен кеш жақсы демекші, бұл бағалы бастама енді тоқтап қалмаса болғаны.
Зейнолла АБАЖАН
qazaquni.kz