Үкімет отырысында ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен жергілікті әкімдіктерге қазақстандықтардың нақты табысына сараптама жасауды тапсырды.
Сағынтаев халықтың нақты табысы төмен екенін айтты
2018 ж. 13 қараша
3510
1
Бұл туралы baq.kz хабарлады.
«Бәрі сол «статистиканың мәліметі дұрыс емес» деген әңгімеге тіреледі. Болмаса, орташа жалақы жоғары дейсіздер. Халықтың нақты табысы төмен. Оған не себеп? Соған анализ керек. Бұл бірінші кезекте құзыретті органдар: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен жергілікті жердегі әкімдіктердің жұмысы», - деді Үкімет басшысы.
Осы орайда премьер-министр келесі айда өтетін Үкімет отырысында аталған мәселе қайта қаралатынын жеткізді.
«11 айдың қорытындысы бойынша өтетін отырысқа барлықтарыңыз осы сұраққа жауап беруге дайын болыңыздар», - деді Бақытжан Сағынтаев.