Расул Жұмалы: Діни конференциялардан нақты бір проблема шешілмейді
2018 ж. 13 қазан
3100
4
[caption id="attachment_91119" align="aligncenter" width="612"] Фото: sputniknews.kz[/caption]
Әлем діндерін татуластырған дұрыс та шығар. Бірақ Қазаққа әлде-қайда өзекті мәселелер шешім тапқанын байқамаппын. Шешкіш болса күш-жігерді ғаламдық түйткілдерді тарқатқанша билік іштегі былықтырды еңсеруге неге жұмсамайды?
17 жыл бойғы Діни конференциялардан нақты бір проблема шешілмегенін ескерсе, бұл шара кімге керек? Осы бос әурешілдікті билік өз есебінен көтерсе мейлі. Тек бұның бәрі Халық яки Сіз бен Біз есебінен екенін қайда қоямыз?
Соңғысы - атың шықпаса жер өрте дегенге келіп саятын аталмыш жобаға жұмсалған Халық қаржысы сол Халықтан неге жасырын ұсталады?
Расул Жұмалы,
facebook парақшасынан