Жаңаөзен қырғынында полиция басқарған полковниктің қызметі көтерілді...
2018 ж. 24 тамыз
13505
0
2011 жылы Жаңаөзен полициясын басқарған Мұхтар Қожаев Қостанай облыстық ІІД басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Полиция полковнигі тергеу және анықтау мәселелерін бақылайтын болады. Осыған дейін, ол ҚР ІІМ Тергеу департаментінің тергеуге дейінгі бақылау басқармасының басшысы қызметінде болды. Қожаев 1995 жылдан бері ішкі істер органында қызмет етіп келеді.
Алматыдағы ҚР ІІМ заң институтын тәмамдаған. Қызметін Маңғыстау облысты Ақтау ІІБ ұрлық және қарақшылық шабуыл тергеу бөлімінің тергеушісі болып бастаған. Әр жылдары әр түрлі қызметте басшылық қызмет атқарған, 2012-2017 жылдары ҚР ІІМ Тергеу департаментінде қызмет атқарған.
2011 жылы 16 желтоқсанда Жаңаөзен қаласында жаппай тәртіпсіздіктер болған кезде Мұхтар Қожаев қалалық ІІБ басшысы қызметінде болған. 2012 жылы 30 қаңтарда оның орнына Амангелді Досаханов тағайындалды.