«Барлық уақытта да «даму бағдарламасы неліктен 2030 жылға дейін?» деп сұрайды. 90-шы жылдан 30-шы жылға дейін 40 жыл. Мұса жүріп өткен жол 40 жылға созылды, осы аралықта ол халқын 40 жыл бойы құм арасында алып жүрді. 2030 жылға қарай, меніңше, Қазақстанда бақуатты елде өмір сүретін мүлдем жаңа буын, жаңа адамдар болады. Міне, менің арманым осы», - деді сұхбат барысында Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан Президенті кез келген қоғамның басты негізі адам екендігін атап өтті. Сонымен қатар, әрбір қазақстандық үшін, ел үшін қажетті деп санаған дүниенің барлығын өзінің мансап жолында жүзеге асырғанын баса айтты. Мұнан бөлек Мемлекет басшысы биліктің барлық уақытта да сынға ұшырайтындығын, дегенмен ол адамдар үшін азық-түлік пен киім-кешек сияқты кәдуілгі қажеттілік екендігіне назар аудартты.
«Ойлап көріңіздерші, билік жоқ делік. Ал бұл күштілердің әлсіздерден тартып алуы, күштілердің әлсіздерге зорлық-зомбылық көрсетуі, кемсітуі. Түсінесіздер ме, билік тек билікке ғана емес, сонымен қатар халыққа да қажет», - деді Елбасы.