Елбасы Жарлығымен Павлодардың екі ауданы қазақшаланды
2018 ж. 07 тамыз
4023
0
Елбасының Жарлығымен Павлодар облысының Качир, Лебяжі аудандарының атаулары өзгерді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
***
Павлодар облысының Качир, Лебяжі аудандарын қайта атау туралы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Павлодар облысының кейбір аудандары:
1) Качир ауданы - Тереңкөл ауданы;
2) Лебяжі ауданы Аққулы ауданы болып қайта аталсын.
2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Н.Назарбаев
Астана, Ақорда, 2018 жылғы 4 тамыз
№ 724