ҚОРҒАНСЫЗ баланы ҚОРҒАҒАН Бауыржан Азановтың ӨЗІН ҚОРҒАУЫМЫЗ КЕРЕК !..
2018 ж. 06 тамыз
12412
3
БҮГІН СІЗ ҮНДЕМЕСЕҢІЗ, ЕРТЕҢ СІЗДІҢ БАСЫҢЫЗҒА КҮН ТУҒАНДА, БАСҚАЛАР ДА ҮНДЕМЕЙДІ!
"Сіздің бір ауыз сөзіңіз бір адамның өмірін сақтап қала алады"
Жақында қазақтардың құқығын қорғағаным үшін, мені бір шовинист кудаламақшы болғанда, адвокат Бауыржан Азанов маған: «Мен сізді ақысыз қорғаймын!» -деді. Бауыржан өз елінің патриоты екеніне күмәнім жоқ, өйткені ол қазақ жерінің тағдырына алаңдаушылық білдіріп, маған талай жазды.
Бұл адвокат ОҚО-да орын алған, кішкентай бала үнемі зорланған жағдайда да оған тегін көмек көрсетуге ниет білдіріп, сол шалғай жердегі ауылға барды, пресс-конференция да ұйымдастырды. Сонда Азановтың тек бір ғана мақсаты болды - қорғансыз баланының мүддесін қорғау.
Бірақ, белгілі себптермен, ол бұл мақсатын іске асыра алмады – керісінше қазір бұл адал адвокатқа қарсы ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабына сәйкес тергеу жүргізіліп жатыр.
Өкініштісі, Бауыржанның әріптестері де, қоғам да үн-түнсіз отыр! Көбі ең болмаса репост жасап, оны қолдап 5 сөйлем жазуға ерініп отыр! Білесіздерме, 37 жыл неге орын алды? Өйткені, осылай қоғам үн қатпай, қорқып: «Тек менен аулақ! - дегеннен болды! Дүниенің барлық зорлық-зомбылықтары сол адамдардың қорқақтығынан, енжарлықтарынан болады! Сіздің бір қимылыңыз, бір ауыз сөзіңіз бір адамның өмірін сақтап қала алады!
Егерде бүгін Сіз үндемесеңіз, ертең сіздің басыңызға күн туғанда, басқалар да үндемейді - соны ұмытпаған жөн!
Жұлдызай Форт, Фейсбук парақшасынан