Халық министр Қасымовтың отставкаға кетуін талап етуде
2018 ж. 20 шілде
9970
0
Кеше Алматы қаласында болған жантүршігерлік оқиға бүкіл елді есеңгіретіп тастады. Мәнерлеп сырғанау шебері Денис Теннің небәрі 25 жасында ұрлықшылардың қолынан қаза тапқаны бүкіл елдің шамына тиіп, ауыр қазаның басты себебі - елдегі қауіпсіздік жүйесінің дұрыс еместігінде деп шуласты жұрт.
Бұл туралы Қамшы порталы хабарлады."Жас чемпионның өлімі - еліміздегі жемқорлық жүйесінің кесірі!" - деген пікірді айтып, желі қолданушылары бірінен соң бірі жаппай ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың отставкаға кетуін талап етуде. Мұндай талапты тек қарапайым халық қана емес, елімізге белгілі саясаттанушылар да қолдауда.
Белгілі экономист, саясаттанушы Мұхтар Тайжан өзінің Facebook парақшасында былай деп жазады: "Денис неге жүгірді? Әйнектер үшін жүгірген оқ. Әділеттік үшін жүгірді, ұрыларды ұстаймын деп жүгірді. Бізде осында жыл бойы "әйнектерді табамыз деп жазып жатқан жоқпыз, тек әділеттік іздеп жазып жүрміз. Ал "әйнектерді" бізден, келесі ұрпақтан күнде ұрлап жүрген ұрылардың қолында әлбетте "пышақ, қару" болады. Сұмырайлар. Жемқорлықтың құрбаны болған Денис, жемқорлықтың. Көліктердің әйнектері - жемқор менттердің бизнесі екен".
"Ішкі Істер министірі Қалмұxанбет Қасымов!
Сен, "Еңбек ақысын талап еткен" шарасыз мұнайшыларды аяусыз атып-қыруға бұйрық берген, "Елдегі бассыздықтар жойылысын, адам құқықтары сақталсын" деп, тыңдайтын ешкім болмағасын, көшеге пікірін айтып шыққан азаматтық белсенділерді аңдып, қуып-қудалап қамаған. Одан да тапа-талтүсте адам қанын жүктеген қанішерді тап, соны қу! Тек, жазықсыз, күнәсіз адамды "жазалап" шығарма! Көше-көшені тіміскілеп жүретін қызметкерлерің қайда?!
Қасымов, ҚЫЗМЕТІНЕН БОСАТЫЛСЫН!" - деп жазады желі қолданушысы Наурызбай Саметұлы.
Белгілі заңгер Айгүл Орынбек те өзінің Facebook парақшасында былай деп жазады: "
Қауіпсіз дамыған ел қайда Министр Қасымов мырза?!
Тағы бір жұлдызымызды сақтап қала алмадық. Айна ұрлаған бейшаралар, чемпионымыздан айырды. Отыз дамыған елге кірген Қазақстан өз халқының қауіпсіздігін сақтай алмай отыр. 23 миллионға пайдасыз тиын, мүсін қойғанға ұста біздің сорлы билік. Полиция жемқорлыққа толы, ақша берген қылмыс ашылады, ақша бермесең сол күйі жабық тұрады. Адамның өмірін тиын көрмейді біздің ел. Барлық дворларға камера орнатып қоюға болатын еді, бірақ біздіңкілер ол ақшаны оффшор арқылы шет ел асырып отыр. Мен бұндай елде тұрғым келмейді. Халқының қауіпсіздігін сақтай алмайтын билік кімге керек құрметті Елбасы? Министрді отставкаға жіберетін уақыт келді. Адам өлтіргендер, ұрғандар бостандықта, Тауық ұрлағандар темір тордың артында отыр осы шіріген жүйенің арқасында! Рухани жаңғыру қашан болады? Ол үшін тағы қанша халық өлу керек?
Жазықсыз өлген адамдардың қаны сендердің мойындарыңа! Қанішерлер, әрбір жазықсыз өлген адам үшін, осы өмірде ұрпақтарың жауап берсін!"
Желі қолданушылары ҚР Ішкі істер министрінің отставкаға кетуін талап етуге байланысты, тіпті, дауыс беру жүйесін де қосып қойған.
"Ішкі істер қызметіне келейік. Қалмұханбет Қасымовтың осы орнынан тапжылмай отырғанына 7 жылдан асып барады. Осыншама уақыттың ішінде ішкі істер саласында қандай реформа жасалды? Түк те жасалған жоқ! Керісінше, еліміздің жер-жерінде полиция тарапынан жасалатын жемқорлық, заң бұзушылықтар мен былықтар көбейіп кетті. Тіпті, ішкі істер министрлігін былай қойғанда, Қ.Қасымовпен туыстығын алға тартқандар Алматы облысының түрлі аудандарында қонышынан басып жүр. Бір Талғар ауданын мысалға алсақ. 2007 жылы Үкімет арнайы Қаулы шығарып, Талғар ауданына қарасты табиғаты көркем Солдатсайдан "Наукоград" салу үшін 100 гектар жер бөледі. Бұл жоба Алматы облысының "Серпінді жобасына" да енді. 2009 жылы әлгі 100 гектар жерде ғалымдар мен студенттер (барлығы 10 мың адам) тұратын қалашықтың инфрақұрылымын жасақтауға "Қазмұнайгаз" ұлттық компаниясы 5 млрд доллар бөледі. Бірақ "Наукоградты" салуға мұрындық болған Бүркітбаев сол жылдары сотталып кетеді де, іс аяқсыз қалады. Әлбетте, сот 100 гектар жерді Талғар ауданының балансына қайтарады. Сонымен, үлкен дабырамен басталған серпінді жоба серпілмеген күйінде жоқ болады. Бұл да ештеңе емес. Дабыра басыла салысымен, 2013-2014 жылдары Солдатсайдағы 100 гектар қолды болып кетеді. Талғар ауданы мәслихатының бұрынғы төрайымы Рая ханымның айтуынша, "жоғалған жер" сол кездегі Талғар ауданының әкімі Райхан Садықованың туыстары арқылы "келмеске кеткен" көрінеді. Ал Райхан Садықова болса - ішкі істер министрімен жақын туыс болып шығады. Райхан Садықова ауданды басқарған жылдары Талғар ауданына қарасты Белбұлақ, Тұздыбастау, Талдыбұлақ ауылдарында арықтар бұзылып, терең сайлар көміліп, сатылып жатты. Табиғи жолдары бітелгесін, қазір сол ауылдарды жылда су шаяды. Тіпті, Талдыбұлақта зиратқа баратын жолды да жауып, адамдар үй салып алған. Ауданда бір учаске екі құжаттан үлестіріліп, соның кесірінен тұрғындар әлі бір-бірімен соттасып жүр. Меніңше, қазіргі ішкі істер министрі де бұл қызметке лайық емес!" - дейді журналист Тоқтар Жақаш.