Назарбаев: Бақыт басыңда мәңгілік тұра бермейді
2018 ж. 02 шілде
5050
4
[caption id="attachment_65470" align="aligncenter" width="720"] ҚР Президенті Н. Назарбаев[/caption]
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бақыт туралы айтып, өз пікірімен бөлісті.
Мемлекет басшысының бақыт туралы айтқан пікірі Ақорданың Инстаграм желісінде жарияланды, деп хабарлайды Stan.kzақпараттық агенттігі.
«Бақыт басыңда мәңгілік тұра бермейді. Көпшілік адамдар бақытты мәңгілік нәрсе деп ойлайды. Ал, шындығында бақыт деген ол бір мезет қана. Балаларың мен немерелерің келіп, жұп-жұмсақ алақанымен мойныңа асыла кеткен сәтті нағыз бақыт деуге болады. Жақында ғана осы туралы оқыған едім. Лондондағы университеттердің бірінде арнайы зерттеу жүргізу үшін 15 мың адамға «Бақыт деген не?» сауал қояды. Сонда нағыз бақыттың бірінші кезекте отбасы мен балалар екені айтылған»,-деді Нұрсұлтан Назарбаев.