ҰБТ-дан шу шықты: Лауазымды шенеунік Комиссияға төрт миллион ұсынған - БАҚ
2018 ж. 26 маусым
5980
5
Баянауыл ауданының екі лауазымды қызметкері мен бір "нұротандық" пара беру бабы бойынша күдікке ілінді. Параны алушы ғана емес, беруші де қылмыскер екенін үш шенеунік те ұмытып кетсе керек. Әңгіме аудан әкімінің орынбасары мен білім бөлімінің басшысы туралы дейді білетіндер.
Бұл туралы Қамшы ақпараттық порталы хабарлады."Бақсақ бақа екен" демекші, ҰБТ тапсыратын оқушылардан жиналған төрт миллион теңгені комиссияға ұсынғанда комиссия алудан бас тартқан. Сөйтсе, Баянауыл ауданы ҰБТ-дан жинаған балл көрсеткіші бойынша көрші аудандардан қалып қойыпты. Басқа аудандар орташа деңгейде 101,3 балл жинаса, Баянауыл 66 баллмен көш соңында қалған. Ал ауданның шенеуніктері мәселені тиімді шешудің жолы пара беру деп түсінсе керек, - деп жазады басылым.
Порталдың хабарлауынша, биыл министрліктің шешімі бойынша аудан, қала мектептерінің рейтингісі мектеп түлектерінің тапсырған тест балына қатысы жоғын облыстың "бас мүғалімі" Дінислам Болатханұлы да қадап айтты. Бұл істі жергілікті билік (ауданнан бастап облыстық арада) барынша жасыруға тырысып отыр. Ал сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі тергеу біткен соң ресми мәлімдеме жасайтындарын айтуда.
Оңғар Қабденов