Сағадиев Үкімет отырысында ұятқа қалып, Сағынтаевтан сөз естіді
2018 ж. 20 маусым
1280
4
Бүгін үкіметтің кезекті отырысы болып, онда Алматы агломерациясын дамыту мәселесі қаралды.
Жиында Алматы әкімі Бауыржан Байбек баяндама жасап, білім және ғылым министрлігіне шағымданды айтты, деп хабарлайды Sputnik.
“Бас жоспарға өзгерістер енгізу бойынша. Екі жылдан астам уақыт сейсмикалық микроаудандарға бөлу картасы әзірленуде. Бірақ ол білім және ғылым министрлігі тарапынан әлі қарастырылып жатыр. Бас жоспарды біз осыған байланысты бекіте алмай отырмыз. Білім және ғылым министрлігіндегі әріптестер тарапынан мәселені тездетуді сұраймыз”, — деді әкім.
Бақытжан Сағынтаев әкімнің шағымынан соң білім министрінің жауап беруін сұрады.
“Ерлан Кенжеғалиұлы, жауап беріңіз. Не себепті кешеуілдеп жатыр? Әкім баяндамасында қаулы жобасы келісуден өтпей жатыр деп айтып өтті, — деді Сағынтаев министрге қарап.
Байбектің баяндамасын тыңдамаған Сағадиев өзіне қатысты не айтылғанын түсінбей қалды.
“Баяндаманы тыңдамайсыз ғой… Жарайды, баяндама кім үшін айтылып отыр сонда? Үкіметте не үшін талқылауға саламыз, егер де оның бәрін тыңдамайтын болса”, — деп ашуланды Сағынтаев.
Білім министрі отырыстан соң тілшілердің сұрағын жауап беріп ақталды.
“6-сыныптың жаңадан шыққан дүниежүзі тарихын оқып отырған едім. Сол себепті баяндаманы тыңдамадым”, — деді Сағадиев.
Ол Байуыржан Байбектің мәселесінің шешімін табатынын айтты.