ОРЫС тілінде ҚҰЖАТ ТОЛТЫРУ мен ОРЫСША СӨЙЛЕУДІ талап ету - ЗАҢСЫЗДЫҚ!
2018 ж. 06 маусым
6842
9
БҰЛ ЗАҢСЫЗДЫҚПЕН БАР КҮШ-ЖІГЕРІМІЗДІ САЛЫП КҮРЕСУІМІЗ КЕРЕК
Қазақ елінде 29 жыл бойы келе жатқан бір заңсыздық бар. Ол – мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік қызметкерлердің тарапынан орыс тіліндегі құжатты, орыс тіліндегі мәтінді қазақ тілімен қатар беруді талап ету.
Бұл заңсыздық пен бассыздықтың шектен шыққаны соншалықты, Әділет министрлігі (!) заңды тұлға болып тіркелу үшін өткізілетін құжаттардың екі тілде (қазақ және орыс тілдерінде) берілуін ұялмай-ақ талап етеді. Өткен жылы Дін істері және Азаматтық қоғам министрлігі жақсы жұмыс істеген үкіметтік емес ұйымдарға сыйақы тағайындады. Біздің қоғамдық бірлестік те өзінің құжаттарын дайындай бастап еді, сыйақы тағайындау Ережесінің соңындағы «берілетін құжаттар мемлекеттік және орыс тілінде болуы керек» деген сөйлемді көріп, қуанышымыз су сепкендей басылды да, министрліктің орыс тіліндегі құжаттарды талап етуге құқы жоқ деп тауып, конкурсқа қатысудан бас тарттық... Осыдан соң бұл мәселенің заңдық негізін анқтау үшін Қазақстанның Бас Прокурорына, Мәдениет және спорт министрлігіне арнайы сауал жолдадық. Бас Прокурор, республикалық деңгейдегі қозғалыстың сауалына жауап беруді өзінің дәрежесіне сай келмейді деп санаған болуы керек, біздің сауалымызды Алматы қаласының прокурорына жіберіпті. Ал Алматы қаласының прокуроры, бюрократияның алтын заңын бұлжытпай сақтай отырып, біздің хатымызды Алматы қалалық тіл басқармасына бағыттапты. Қысқасы, Бас Прокурор мырза жауап бере алмаған мәселеге қалалық тіл басқармасы жауап беріпті. Меніңше, егер олар өздерінің жауап беру құзіретін біріне бірі жолдаса, соңғы жауапты Қазақстанның Бас Прокурорының жауабы деп қабылдауға әбден болады. Сол жауаптың қысқаша мәтінін ұсынамыз: «...Қойған сауалыңыз бойынша төмендегіні хабарлаймыз:- Қазақстан Республикасында мемлекеттік органдары мен меншік нысанына қарамастан басқа да ұйымдардың (олардың қызметкерлерінің) жеке азаматтар мен ұйымдардан құжаттарды орыс тілінде жазу мен толтыруды және орысша сөйлеуді талап етуге құқығы жоқ.
- Құжаттарды орыс тілінде толтыруды талап еткен жағдайда Қазақстан Республикасы Конституциясы 7-бабының 1-тармағы, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңының 4 және 8 баптары бұзылды деп есептеледі.
- Қазақстан Республикасында мемлекеттік органдар мен меншік нысанына қарамастан басқа да ұйымдар (олардың қызметкерлері) ешқандай заңға сүйеніп азаматтардан құжаттарды орыс тілінде жазу мен толтыруды және орсша сөйлеуді талап ете алмайды