Азат Перуашев "АЛАШ АРЫСТАРЫНА ТАҒЗЫМ" шеруін өткізуді ұсынды
2018 ж. 02 маусым
15093
8
31 мамыр - саяси қуғын-сүргін мен Ашаршылық күні - "Ақ жол" демократиялық партиясының депутаттары мен Орталық кеңсесінің қызметкерлері қуғын - сүргін құрбандарына арналған "АЛЖИР" қасірет кешенінде болып, гүл шоқтарын қойды, - деп хабарлайды "Қазақ үні" порталы.
«Ақжолдықтар» іс-шараның соңында жазықсыз жапа шеккен жандардың аруағына қол жайып, құран бағыштады."Ақ жол" партиясы төрағасы, Мәжіліс депутаты Азат Перуашев әрiптестерiне келешекте осы күнi қуғын-сүргiнге ұшыраған аталарының суреттерiмен шығуды ұсынды.
Qazaquni.kz- 31-мамырда құрбан болған арыстар суреттерін алып шығатын шеруді «Алаш арыстарына тағзым» деп, немесе «Мың өлiп, мың тiрiлген Алаш» деп атау керек,- деді «Ақ жол» жетекшісі Азат Перуашев.
Ақжолдықтар ашық аспан астындағы мұражайды аралап, зұлмат жылдардың қасіретімен танысты.