Назарбаев жемқор шенеуніктерді аямауды талап етті
2018 ж. 30 мамыр
7394
8
Бүгін Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасын Ақордаға шақыртқан президент күрестің тың жолын ойлап табуды тапсырды, деп хабарлады КТК.
Себебі, қатардағы шенеуніктерден бастап әкім, министрлерге дейін қарпып қалуын доғарар емес. Еліміздің бас кабинетіне қалың құжат алып келген Алик Шпекбаев болса, Елбасыға олармен қалай күресіп жатқаны жайлы есеп берді. Осы жерде мемлекет басшысы мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын көтеру керектігін айтты. Сол кезде жемқорлық жойылады деген үміт бар. Десек те, талай лауазымды шенділердің түрмеге жабылып жатқаны ешкімге сабақ болар емес. Сондықтан Назарбаев қазына қаржысына қол сұққандардың шені мен шекпеніне қарамауды талап етті.
«Жемқорлыққа қарсы күрес бұрынғыдан да күшеюі керек. Әр жерлерде. Ең алдымен мониторинг жасап, басқа манау нарықтық әдістермен,қарым-қатынасты цифрлыққа өзгертетін болсақ, жемқорлыққа жол болмайды. Екінші жағынан жалақысын көтеру керек. Үшінші жағынан алдына тиісті талап қою қажет»,- деді Нұрсұлтан Назарбаев.