Қытайда ұсталған этникалық қазақтар босатылды - Қайрат Әбдірахманов
2018 ж. 29 мамыр
6012
2
Қазақстанның сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Қытайда ұсталған 12 қазақстандықтың тоғызы босатылғанын мәлімдеді.
Министрдің айтуынша, қос азаматтық алған этникалық қазақтардың мәселесі үкіметтің басты назарында.
«Біз күн сайын бұл мәселе бойынша жұмыс жүргіземіз. Cәуірде делегаттарымыз Қытайға екі рет сапарлап барып, осы мәселені талқылады. Соның ішінде Қытайда ұсталған 12 Қазақстан азаматының мәселесі қозғалды. Қытай тарапы ҚХР азаматтығынан шығу процедурасын дұрыс рәсімдемеген. Келіссөздердің қорытындысы бойынша 12 адамның тоғызы босатылды. Қалған үш азамат бойынша жан-жақты жұмыс жүргізіліп жатыр», - деді министр үкімет отырысының үзілісінде.
Сонымен қатар Әбдірахманов министрлікке жүгінген Қытайда ұсталған қазақстандықтардың тағдырына бейжай қарамайтынын жеткізді. Бүгінде сыртқы істер министрлігінде қиындыққа тап болған 170-тей этникалық қазақ туралы ақпарат бар.