Нұрсұлтан Назарбаевтың Өкімдерімен СІМ жауапты хатшысы және Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік құқық бөлімінің меңгерушісі тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Президент Назарбаев бірнеше кадрлық өзгеріс жасады
2018 ж. 29 мамыр
3703
10
Мемлекет басшысының Өкімдерімен:
Данияр Валерьевич Вагапов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік құқық бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды;
Арман Дайырұлы Жұмабеков Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысы болып тағайындалды;
Ермек Беделбайұлы Көшербаев Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды.
Мемлекет басшысының Өкімімен Анарбек Бақтығазыұлы Қарашев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды.