Қазақстанда Отан қорғаушылар күніне арналған әскери шеру өтті
2018 ж. 07 мамыр
4494
0
Жамбыл облысындағы (Оңтүстік Қазақстан) "Отар" әскери базасының полигонында 7 мамыр тойланатын Отан қорғаушы күніне арналған Әскери шеру өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Шеруге 3 мыңға жуық әскери қызметші, 300 бірлік қару-жарақ пен әскери техника және шамамен 40 бірлік ұшу аппараты қатысты. Салтанатты шараға Қазақстан Республикасының Президенті, қарулы күштердің жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев қатысады. Полигонда барлық облыстың және Астана мен Алматының әкімі бар.
Сценарий бойынша, парад екі бөлімнен тұрады, бірінші бөлімде әкімдерге аумақтық қорғаныс бригадаларының жауынгерлік туы табыс етілді. Ту табыс етілген соң, дәстүр бойынша, қонақтар мен көрермендер алдында салтанатты маршпен 19 жаяу шеру тобы жүріп өтті, олардың қатарында ҚР ҚК Арнайы операциялар күштерінің, сонымен қатар, аумақтық әскер қызметкерлері бар.
Екінші бөлімде қару-жарақтар мен әскери техникалардың қатысуымен барлау-әскери бөлімшелері шынайы тактикалық әрекеттерді көрсетті. Әскери шерудің соңында "Жетісу" ұшқыштық тобы ең жоғары пилотаж фигураларын орындады.