Әзімбай Ғали ұлтшылдар мен орыс тілділер арасындағы шайқаста кімнің жеңетінін айтты
2018 ж. 03 мамыр
11509
3
Тілдік ұлтшылдық - лингванационализм қазақ үшін бірінші орынға шығып келеді. Қазақстанда қазір екі конфликт орын алды: Ер Доған (Оғыз Доғанды айтамыз) атты түрік азаматы қазақ тілінің құзырын қолдайды. Ер Доған қазақ тілінің тағдыры үшін соғысып жүрсе, оған орысшыл Танирберген Бердоңғаров білек сыбана қарсы шығуда. Тәңірберген Бердоңғаров - қазақ тілінің күшеюіне қарсы адам, орысшыл жігіт. Екінші конфликт: қазақ қызы Жұлдызай (Жұмаділдаева) Форт пен белгілі журналист Гүлжан Ергалиеваның арасында өрбуде. Жұлдызай (Жұмаділдаева) Форт - ол да мемлекеттік тілдің Қазақстандағы құзырын жақтап, Фейсбукте мақала жазып жүр. Ал, ақын Хамит Ерғалидың қызы Гүлжан Ерғалиева болса, Оғыз Доғанның ізіне шам алып түсіп, қазақ тілді қауымды ғайбаттауда. Ер Доған мен Жұлдызай (Жұмаділдаева) Форт екеуі де өз ойларын Қазақстандағы Фейсбукте жәриялап, қазақтың ұлттық санасын оятып келеді. Қысқасы, кім бұл виртуалдық шайқаста жеңеді? Меніңше, қазақтың ұлттық санасы жеңеді, қазақтың тілі қосымша саяси виртуалдық қолдау табады. Бұл шайқас қазақ тіліне өте керек. Бұл шайқас лингваұлтшылдарға тиісті мобилизация береді.
Әзімбай Ғали
Abai.kz