Дәурен Қуат: Бүгінгі билікке біртұтас қазақ елі емес, көпұлтты Қазақстан керек
2018 ж. 27 сәуір
5167
2
- Бір ұйғыр қардошым бар, сол айтады: "Өзбекстанға барсаң бәрі - өзбек, Қырғызстанға барсаң бәрі - қырғыз. Азербайжанда да солай. Бұлар ашық ел. Тек қазақ қана өз туғандарын бауырына тартқысы келмейді. Қазақстанға көшіп келген қанша ноғай, қанша қарақалпақ жүр. Соның бәрі қазақ болғысы келеді. Қазақ болайын десе, қазақ руын сұрайды, арғы түбін тергейді", - деп. Оның сөзі рас, әрине. Өзімізге жақын жұртты сіңіріп алудың орнына біз әлі күнге рудан, ұсақ атадан аспай жүрміз, - деп жазды Қуат.
Оның пікірінше, мұның тағы бір сыры - қазіргі билікке қазақтың осы қалпының (жүзшілдігі, рушылдығы) ұнауында.
- Бұндай халықты билеу оңай. Өйткені трайбализм коррупцияға да, басқаға да қарсы тұра алмайтын әлеуметтік шек. Қазақтың өз басын біріктіргісі келмей отырған билік өзгені қалай қазақтың құшағына кіріктірсін?.. Бүгінгі билікке Қазақстан және біртұтас қазақ елі емес, көпұлтты Қазақстан керек, - деп түйіндеді ол сөзін.