Трамп пен Ким Чен Ын Астанада кездесуі мүмкін бе? - сарапшы пікірі
2018 ж. 17 сәуір
5111
4
КОРЕЙ ТҮБЕГІНДЕГІ ТҰТАНУЫ МҮМКІН ТҮТІН
Бұл өлке кореялықтар жайлаған жер, желіге қару-жарақ байлаған жер... Корейдің байырғы мекені, ежелгі ата ұйғы. Корей түбегі жер көлемі жағынан 38-ші ендікте ең жіңішке аумаққа ие.Бірақ, бүткіл дүниедегі ең көп әскер қаптаған өртті, тынышсыз аймақ.
Тынық мұхиттағы АҚШ, Ресей, Қытай қатарлы ұлы империялардың теңіз әскери флоттары,Жапонияның қорғаныс күштері және екі Корейдің теңіз әскерлері шоғырланған. Онымен қоса осы мүдделі елдердің құрлық,әуе әскери базаларының санын дөп басып нақты айту да қиын. Тарихи, саяси тағдыр осы ортаны бірде олай, бірде былай шайқағаны бар.
ХХ ғасыр жаһандық ІІ қанды соғысқа дейін Корейге Жапондар егелік етті. Соңынан олар өзара қырғын қидаласудың салдарынан оң мен сол тарапқа бөлініп бір түсті ел - екі түстікке ажырағаны бар.Құдай әуелі бірге жаратқан туысқан кореялықтар 1950-1953 жылдар арасында Кеңес армиясының әскери қолдауымен тағы да орасан қырылысып,соңы азаматтық соғысқа дейін жетіп тынған. Солтүстігі - қызыл КСРО-ны, оңтүстігі - алпауыт АҚШ-ты таңдаған. Кеңестік үстемдік ыдырап қырғиқабақ соғыс өрті сөнген кезде де "аштан өлмеген, көштен қалмаған" жанкешті баһадүр жұрт. Саяси көсемі Хим Ир Сеннің аманаттаған ядролық бағдары ғаламдық жаппай қырып жою жарағы жаһанға жария етілгеннен қырық жыл өткенде, яки 1994 жылдан бастап нақты жолға қойылды да, ғасырдың кеңірдегіне қадалды.
Бұл уақытқа дейін алпауыт Америка одақтастары Корей түбегін ерекше шеңгелдеп ұстап қалғысы келді деуге негіз бар. Әу баста АҚШ президенті Биль Клинтон 1996 жылы "Корей түбегін" төрт жақты бітіммен райластыру идеясын ұсынған.
АҚШ Мемлекеттік хатшысының портфелін көтеруші өкіл Унистон Лорд мырза 1996 жылы маусым айында Токио қаласында шақырылған Солтүстік Батыс Азия (SNEAS) қауіпсіздігі симпозиумында:
1.soft landing (жеңіл қону)
2. implosion (қопару)
3.explosion (жару) қатарлы" - үш түрлі scpenario немесе үйрету" деген үстем қимылын ресми түрде мәлімдеген-ді.
Осы үш түрлі қызықты ұсынысты жеке - жеке талдасақ: - soft laning - екіге бөлінген Кореяны бейбіт жолмен қосу, - implosion - солтүстік Кореяны азық - түлік, электр қуаты тапшылығымен қыспаққа алу, түрлі іріткі салу арқылы ішкі жағдайды қиындатып көтеріліс, дағдарысты қақтығысқа ұластыру арқылы КХДР-ін күшпен құлату, - explosion - ішкі, сырттан күшті ықпал ету арқылы елді мүлдем жойып жіберу стратегиялық саясатын ұстанып еді. Бірақ, Солтүстік Корея оған бет қаратпай келді. Енді ақыры АҚШ бұл елмен геосаяси ойынын өзгертіп санасуға келе жатыр. Дональд Трамп мен Ким Жен Уннің арбасуы тарихи кездесуге алмасатын түрі бар. Бұл "саяси жылымық" уақытша ма, әлде басқаша бола ма, алдағы кездесу сәттері көрсетеді.
МАМЫР АЙЫ МАМЫРАЖАЙ БОЛА АЛА МА?
Мамыр саяси оқиғалармен толысып, тоғысатын қасиетті ай секілді.Ғаламдық іргелі тағдырлар талқыға түспек. АҚШ барынша Азия Тынық Мұқит аумағына қарай жылыстап келеді.Көкшулан Дональд Трамп пен көксерек Хим Жен Ун бетпе бет жолығады. Сапар болады,болмайды бір құдай білер. Кездесуден айтарлықтай нәтиже шықпайды дейтін сарапшылар да аз емес.АҚШ серкесі "ядролық қару жарақтан бас тартсаң зардапты шектеуден тура арыларсың" деуі әбден мүмкін. Солтүстік Корея басшысы - "Оңтүстік Корея мен Жапония өңіріндегі Америка әскери базаларын кейін шегеруді" ұсынуы да бек кәміл.Бұл өңірдегі үшінші елдердің мүдделері әңгіме болса әккі Америка не деуі мүмкін?! Алайда осы оқиғаның жалпы сүрлеу барысына бүкіл ғалам көз тігіп, қалт жібермей қарап отыр.
Солтүстіктегі Кореянің өз тағдырынан тыс өзге де өзекті жағдаяттар сөз болары хақ. АҚШ, Қытай, Ресей елдерінің үштаған саясаты шеп тартады,тағысын тағы біршама ойындар желеуге айналмақ. Атасының баласы таққа отырғалы 14 жыл өткен. Бірақ, бірде бір рет те басқа елге ресми сапар жасамаған. Мінеки, жуықта ғана сол Хим Жен Ун өзінің экономикалық қолдаушысы кезінде өзіне арнап "алты жақты бітім" жасуды ұсынған Қытайға суыт келіп қайтқан.Ол оның тұңғыш сапары.Қасында хас сұлуы Ри Сол Жуны бар жабық сахнада ұрын келушілер де, оны қабылдаушы тарап та ұзақ кеңескен жоқ, алайда құдайы қонақ құр келіп, құр қайтпағаны да белгілі.Бастабында жөнді жақ ашпаған тараптардың бір шоқ ақпарын сақ Синьхуа шымылдықтың артындағы шытырман келісімнен сыпайы жеткізген .Корея түбегіндегі сеңді жібіту, бейбіт келісімнің жолын ашу, ядролық жарақты барынша шектеу мәмілесі келісілген, саяси бітімнің келелі тұстары қузалса керек. Хим Жен Ун жеті атадан бері келе жатқан Хим Ир Сеннің тақ мұрагері, нақты ізбасары. Ендігі кезекте кенже Хим Жен Ун АҚШ басшысымен тіке саяси бітімге келуді мақсат тұтатындығы ашықталған. Ертеңінде ресми Бейжіңнің Ақордаға сүйінші хабар жеткізгені анық. Бұдан соң кездесудің қамы басталды деген сөз. АҚШ-тың алдыңғы президенттерінің ешқайсысы бұл тәуекелге бара алмаған, тек алыстан арбасқан.
Бір кездері Жеймс Картер, соңында Билл Клинтон екеуі Пхеньянді епке шақырғанымен, шикі бітімдер бекімей, келіссөз кикілжіңмен сәтсіз қалған. Өз кезегінде Бейжің Аққорғанға, арашагер Женева Корей түбегіндегі іске араласса да, еш қайран болмаған. Енді міне, текетірестіктің аяқталуына күллі әлем куә болуы мүмкін баяны тұр.. АҚШ та кет әрі емес. Дипломатиялық асау жамбас аңдысу, елші епшілесуге біртіндеп жақындауда. Ендеше осы атышулы тарихи кездесу қай жерде өтетіні жұмбақ. Ақ үйдің ресми өкілі кездесу Вашингтон мен Пхеньянда болатындығын меңзейді.
Ғаламды сілкіндірер жүздесу ақырғы жүз жылда болмаған тарихи оқиға ретінде таңдалды. Осы кездесуді өз елінде өткізгісі келетін үміткер елдер саны да аз емес. Швейцария - оқушы Хим Жен Уннің балдәурені өткен жері ретінде өз алаңын әлдеқашан ұсынып үлгерген болса, Моңғолия,Швеция қатарлы елдер өз ерекшеліктерінің ең тиімді тұстарын дәлелдеп отыр. Алайда, халықаралық сарапшылар тарапы кездесу болатын ең ұрымтал орын Жунгода өтуі де ғажап емес дейді.
ҚАЗАҚСТАН ЕКІ КОРЕЙДІ ЕЛДЕСТІРЕ МЕ?
Сыртқы саяси бағыты айқын Ел - Қазақстан. Орталық Азиядағы тұрақтылық пен келісімнің жолында мол тәжрибе жинақтаған беделді мемлекет. Сол тұрғыда Солтүстік Корея мен АҚШ басшыларының тарихи кездесулеріне өз алаңын ұсынуы сөзсіз. Қазақстанда 107 мыңнан астам корей ұлтының азаматтары өте жақсы өмір сүреді. Екі Кореяның бейбіт қатар тұруына ежелден бері тілектестігінің дәлелі де осы. АҚШ, Еуроодақ, Азия елдерімен қарым - қатынасты бір жолға қоя алған саяси сабақтастықтың ұласпалы үлгісін көрсетіп келді.
Солтүстік Африка, Таяу Шығыс, Солтүстік Шығыс Азияға дейінгі аралықтағы тұрақсыздықтың белдеуінде тұтануы мүмкін өрттерді сөндіруге ресми Астана зор ықпал жасай алған. Қазақстан Республикасы - түстіктегі Ауғанстан, Тәжікстан, Еуразияда Түркия мен Ресей арасындағы түйткілді мәселелерге, тіпті Сирия қатарлы өрт тұтанған елдерге мәмілегерлік алаңын ұсынған. Әсіресе, күштердің ара салмағын байыптап, жаһандық деңгейде және Жер шарының жекелеген аймақтарындағы елеулі әрекеттерге бітімгерлік жүргізе алуға қауқарлы.
Сондай-ақ, Қазақ Елі - жаһандық тұрақсыздыққа қалайда қарсы тұра алады. БҰҰ (ООН), ЕҚЫҰ (ОБСЕ), НАТО, ҰҚШҰ (ОДКБ), ШЫҰ (ШОС), АӨСШК (СВМДА) қатарлы қауіпсіздік тетіктері арқылы Бүкілазияға төнген жаңа қатерлердің алдын алу үшін Азия - Тынық мұхиты аймағы елдерінің теңгерімділігіне белсенді тілекші бола алады. Ендеше, Дональд Трамп пен Ким Чен Уннің кездесер жері - Ұлы даланың Бас қаласы ресми Астана болса... деп үміттенсек, несі бар?..
Сұраған РАХМЕТҰЛЫ
«Қазақ үні» газеті
Qazaquni.kz