Бас прокуратура елдегі барлық сауда нысандарын тексеруді тапсырды
2018 ж. 31 наурыз
4608
2
Өртке қарсы қауіпсіздік саласындағы бұзушылықтың алдын алу мақсатында Бас прокуратура өртке қарсы қызмет органдарына барлық республика бойынша сауда нысандарын жоспардан тыс тексеруді ұйымдастыруды тапсырды, - деп хабарлайды "Қазақ үні" ұлттық порталы Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Екі ай ішінде 1,5 мың шаршы метр және одан да үлкен құрылыс ауданы бар 1151 нысанды қамту жоспарланған.
Сауда нысандарынан басқа, прокуратураның талабы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқуды жүзеге асыратын жеке мекемелер, сондай-ақ жалпы білім беретін оқу орындары тексеріледі.
Аталған іс-шаралардың мақсаты – өртке қарсы қауіпсіздік талаптарын өрескел бұзып отырған нысандардың қызмет жолын кесу, осындай іс-әрекеттерге ықпал ететін себептерді жою.
Өртке қарсы қызмет органдары осы жылдың бірінші жартыжылдығына жоспарланған сауда орталықтарын ғана тексере алатынын атап өтеміз.
Уәкілетті мемлекеттік органдарға адамның өмірі мен денсаулығына зиян келтіру қаупі болған кезде жоспардан тыс тексеріс жүргізуді тапсыру құқығы прокуратура органдарына тиесілі.