ШҚО әкімі су тасқыны кезінде жаңа баспана алу үшін үйлерін әдейі қиратқандардың бар екенін айтты
2018 ж. 29 наурыз
8980
102
ШҚО әкімі Даниал Ахметов Аягөз ауданына барып, судан зардап шеккен халықпен тілдесті. Ондағы үйлердің құрылысы басталып кеткен. Әкім қулық жасаған тұрғындарды ұстап алды. Бұл туралы ШҚО әкімшілігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Су тасқынынан 162 үй бүлінген, олардың 41-і қалпына келтірілмейді. Жергілікті әкімдік апат құрбандарына арнап 32 үй сатып алды.
Алайда, әкімінің айтуыншы, апатты пайдаланып жаңа үйлі болғысы келген жергілікті тұрғындар қулық шығарған. Тіпті, әкім өз үйлерін бұзып жатқан тұрғындарды да ұстап алған.
“Адамдар ескі үйде тұрғысы келмейді, жаңа үй талап етеді. Жаңа үйлер тек жөндеуге келмейтін үйлердің тұрғындарына беріледі. Қалғандарына барынша сапалы жөндеу жасалады”, – деп уәде берді облыс басшысы.
Мысалы, белсенділердің бірі Ахметовтан жаңа үй беруін сұраған.
Әкім үй сұраған тұрғынның үйін қарауға барды. Сөйтсе, тұрғыннаң үйіне жөндеу жасаса пайдалануға жарамды болады екен.
“Өтінемін, 25 рет қарауыңызға болады. Бұл қабырғаға қауіп төніп тұрған жоқ. Сонымен қоса, оған бұрын соңды көрмеген жөндеу жұмыстары жасалады”, – деді Ахметов.