Жақсыбековтың орнына Даниал Ахметов тағайындалды
2018 ж. 26 наурыз
9185
4
Астанада Қазақстан Республикасы жеңіл атлетика федерациясының кезектен тыс конференциясы өтті. Жиын барысында федерацияның жаңа президенті болып Даниал Ахметов сайланды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.
Кезектен тыс конференция барысында екі мәселе қаралды. Атап айтқанда, Жеңіл атлетика федерациясын бұған дейін басқарған Әділбек Жақсыбековтің өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату және федерацияның жаңа президентін сайлау. Атқару комитеті мүшелерінің бірауызды шешімімен Әділбек Жақсыбековтің өкілеттілігі мерзімінен бұрын тоқтатылып, оның орнына ҚР жеңіл атлетика федерациясының президенті болып Ахметов Даниал Кенжетайұлы сайланды.
«Маған сенім білдіргендеріңізге рахмет! Әділбек Рыскелдіұлы басқарған бір жылдың ішінде аз шаруа атқарылған жоқ. Енді сол бастамаларды ары қарай жалғастырып, Қазақстан жеңіл атлетика федерациясын дамытуға тырысамыз. Алдымызға қойған мақсаттарымыз өте көп. Мәселен, бірінші ретте, спорттық инфрақұрылымдарды жетілдіруді көздейміз. Жақын уақытта жеңіл атлетикаға бейімі бар барлық өңірлердің әкімдерімен кездесіп, сол аймақтардың жеңіл атлетика спортын дамыту жолдарын қарастырамыз. Соның ішінде, келесі жылы Семей қаласында Ұлттық құрамалар базасы дайын болады», - деді Даниал Ахметов.
Сондай-ақ шара барысында Жеңіл атлетика федерациясы Атқару комитетінің жаңа мүшелері бекітіліп, Әділбек Жақсыбеков Атқару комитетінің құрамына енді