Бекболат Тілеухан "зорланған" баланың ісіне қатысты: Мемлекеттік идеологияның ию-қиюы шықты
2018 ж. 16 наурыз
5321
28
ҚР мәжілісінің депутаты Бекболат Тілеухан "Нұр Отан" партиясы жанындағы құқықтық кеңес отырысында ОҚО-дағы Сарыағаш ауданы Абай ауылының 7 жастағы тұрғынына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
- Жантүршігерлік оқиға. Қазақтың қаймағы бұзылмаған оңтүстік өңірінің Сарыағашында, оның ішінде ұлы дана Абайдың атын иемденген ауылда. Әңгімеге арқау Өзбекәлі Жәнібеков атындағы мектепте оқитын ана сүті аузынан кеппеген 7 жасар баланың жағдайы. Қоғамның айыптап жатқаны – Жүсіп Баласағұн атындағы мектептің жоғары сынып оқушылары жасады деген құлақ естіп, көз көрмеген сұмдық. Біз елді-мекен, мектептерімізге аяулы тұлғаларымыздың есімін беріппіз, өнегесін ескермеппіз.
Жеті жасар баланың өміріндегі трагедияға жаны түршікпейтін қоғамның өзінен де түршігуге болады. Бірақ бұл жағдайда азаматтық қоғамның айнасы делінетін әлеуметтік желі дұрыс реакция беріп жатыр. Осы баланың құқын қорғауға талпынып жатқан, әкімшілік я полицияның тарапынан болуы мүмкін көзжұмбайлыққа алаңдап жатқан ағайынның әр постын оқып отырмыз. Тоқып жатырмыз.