Дулат ИСАБЕКОВ: Елбасының тіл туралы тапсырмасы талқыланбайды, орындалады!
2018 ж. 10 наурыз
7115
25
Мемлекет басшысы бұған дейін де мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру керектігін қаншама рет айтқаны ел есінде. Дегенмен, біздің мемлекеттік тіліміз өзінің шынайы тәуелсіздігін күні бүгінге дейін ала алмай келе жатқаны жанымызға қатты батады.
Елбасымыздың «Парламент пен Үкіметтің жұмысы тек мемлекеттік тілде жүргізілуі тиіс!» деген мәлімдемесі туған тіліне қырын қарайтын кейбір шенеуніктердің есін бірден жиғызғандай болды. Бұған дейін орыс тілінде сайрағандардың қазақ тілін қандай деңгейде білетіндігіне куә болып отырмыз. Олардың қазақ тілінің қадірін қашырып, қалай болса солай сөйлеуіне жол бермеуіміз керек. Анамызды қалай аяласақ, ана тілімізге дәл солай құрмет көрсетуге тиіспіз.
Шенділерге Елбасы тапсырмасының талқыланбайтындығын, тек орындалатындығын тағы да бір еске салып қоюға тура келіп тұр. Бұл бағытта ұлт зиялылары бас көтеріп, мемлекеттік тіліміздің шынайы мәртебесіне ие болуын талап етуіміз керек. Мемлекет басшысы Н.Назарбаев та тілге қатысты осынау маңызды тапсырманың орындалу барысын назардан тыс қалдырмайды деп сенеміз.
qazaquni.kz