Назарбаевтың бұйрығымен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова қызметінен босатылды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
Елбасы жаңа Еңбек министрін тағайындады
2018 ж. 09 ақпан
6995
24
Оның орнына Президент ұлттық экономиканың вице-министрі болған Мадина Әбілқасымованы тағайындады.
Естеріңізге сала кетсек, бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметтің кеңейтілген отырысы кезінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсеноваға ескерту жасаған болатын.
«Бізге Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың енгізілуін кейінге қалдыруға тура келді. Бұның негізгі себебі өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен бейресми жұмыс істейтін халықты жүйеге тарту проблемасы болды. Олар салық төлемейді. Қысқасын айтқанда, «көлеңкеде тұр». Менің осы туралы айтып келе жатқаныма кем дегенде бес жыл болды. Нақты тапсырмалар бердім. Дегенмен, олармен ешкім дұрыстап айналыспайды. Мен министр Дүйсеноваға бірнеше рет айтқанмын. Тамара, не болды, айтшы? Немесе, осы жұмыстан шаршадың ба?» - деген еді Үкіметтің кеңейтілген отырысында Назарбаев.
Мәдина Ерасылқызы 1978 жылы 1 тамызда туған. 1999 жылы Қазақ Мемлекеттік Басқару Академиясын «халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша бітірген.
2002 жылы Колумбия университетін халықаралық қатынастар магистрі дәрежесімен «экономикалық саясатты басқару» мамандығы бойынша бітірген.
2011 жылы Гарвард университетінің Кеннеди атындағы Мемлекеттік басқару мектебін «мемлекеттік басқару магистрі» мамандығы бойынша бітірген.