Ералхан ӘБІШ: "Қазақ үні" араласқасын "Астана банкі" қағаздарын қазақша жаза бастады
2018 ж. 08 ақпан
3840
13
Жақында "Қазақ үні" ұлттық порталында белгілі әнші Ералхан Әбішпен сқхбат жарияланған еді. Аталмыш сұхбатта танымал әнші Астана банкінің мемлекеттік тілге немқұрайлы қарағанын қатаң сынға алған болатын.
Кеше ғана Ералхан мырзадан «Астана банкінде бүгін болдым, «Қазақ үні» ұлттық порталындағы 2-ақпан күнгі "Мемлекеттік тілді менсінбейтін құлдардан қашан құтыламыз?!." атты жарияланымнан кейін барлық қағаздарды қазақша жазып қойыпты. Ортақ жеңісіміз құтты болсын!» деген қуанышты хабар жетті. Әрбір сыннан осындай нәтиже шығар болса, қазақ тілі азат тілге айналар күн де алыс емес...
Еске сала кетейік, танымал әнші Астана банкінің орысша қызмет көрсетіп, барлық іс-қағаздар мен жарнамаларын тек орыс тілінде жүргізетінін айтқан болатын.