Серік АҰҚСҰҢҚАРҰЛЫ: Түбіме сен жетіп жүрмеші, біреудің әйелі...
2018 ж. 08 ақпан
8749
17

Соларды көргелі көңілде хошым жоқ:
Фейсбукте тұрады "досың" боп!
Өтірік!
Ойнайды еркекпен ол әлі,
Әлемді әлеуметтік желімен шолады!
Дос деген болмайды сұлуда,
Болса- тек күйеуі болады...
Дидары- Күн,
Ай-өңі-
Біреудің әйелі!
Құдай-ау, не деген әдемі!
Қашан бұл бітеді, о, сұмдық,
Әдемі әйелдің әлегі?!.
Көзінде нұр тұнып,
Тұрады құлпырып,
Жүреді құлпырып!
Мен түгіл, қарайды,
Дүние ішінен бір тынып...
Ұмтылып!..
Әйеліңнен де-әдемі!
Дидары- Күн,
Ай-өңі!
Бір күні түбіме сен жетіп жүрмеші,
Біреудің әйелі...
Серік Ақсұңқарұлы