Әуезов театрының директоры Ерлан Біләлға кімнің пара бергені анықталды
2018 ж. 16 қаңтар
5866
14
Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театр директоры Ерлан Біләл 1 205 000 теңге кепілмен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"2018 жылдың 9 қаңтарында Алматы қаласының Медеу аудандық №2 сотының тергеу судьясы Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театр директорына қатысты бұлтартпау шарасы ретінде кепілге алу туралы шешім шығарды. 1 миллион 205 мың теңге көлемінде кепіл төленді", - деп хабарлады Алматы қалалық сотындағылар.
"Сотқа дейінгі тергеу органдарының мәліметінше, Ерлан Біләл "Сезам" қоғам қайырымдылық-шығармашылық қорының жетекшісінен 2017 жылдың 23 желтоқсанынан 2018 жылдың 7 қаңтары аралығында бірлескен театр қойылымдары жайлы құжатқа қол қойдыру үшін 900 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді", - деп хабарлады Алматы қалалық сотының баспасөз қызметіндегілер.